ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫМЕН ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

0
118

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Т2 трлн 699 млрд теңгені құраған. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткіш бойынша облыста негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 972 млрд 31,8 млн теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 26,1%-ға артқан. Сонымен қатар, жеке инвестициялардың үлесі – 72,5%. Яғни ең басым секторлар – өнеркәсіп және жылжымайтын мүлік салаларында. Сондай-ақ, бюджеттік инвестициялардың үлесі – 27,5%. Олар инфрақұрылым нысандарын дамытуға, жылжымайтын мүлік саласына, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке бағытталған. Осылайша, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бұл салада негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 4,3%-ға артып 156 млрд 268,6 млн. теңгені құраған. Бұдан бөлек, былтырғы жылдың қаңтар-қараша айларында Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда айналымының көлемі 735,1 млн. АҚШ долларын құраған.

Осы орайда Қазығұрт ауданында өткен жылға жоспар 6,1 млрд. теңгеге бекітіліп, І-тоқсан қорытындысымен 1,5 млрд. теңгеге немесе 119,8 пайызға орындалған болатын. Өткен жылға аудан бюджеті 25,3 млрд. теңге болып қалыптасып, жыл қорытындысымен 25,2 млрд. теңгеге немесе 99,8 пайызға игерілді.

– Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі — ауыл шаруашылығы саласы. Шаруалардың еңбегінің арқасында өнім көлемі соңғы 3 жылда 1,5 есеге өсіп, былтыр 66,7 млрд теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 53,4 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында — 33,6 млрд теңге, егін шаруашылығында — 19,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, ауданда 181 гектарда жылыжайлар орналасқан, оның ішінде 5 гектары осы жылы жаңадан іске қосылды, — деді Азизхан Әзімханұлы.

Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлік саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жоғары. Мәселен, кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі жылдың қорытындысымен – 13,5 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға орындалды. Шалғайдағы аудан үшін бұл жақсы көрсеткіш. Бұдан бөлек ауданға инвестиция тартуда да қол жеткізген жетістіктер жетерлік. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары – 25,8 млрд. теңге болып бекітілген болатын. Жыл қорытындысымен – 23,1млрд.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,6%-ға немесе 4,7 млрд. теңгеге артты. Жалпы бюджеттік емес жеке инвестиция 19,1млрд.теңге құрады. Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,0 млрд. теңгеге артып отыр. Яғни, бюджеттік емес жеке инвестиция бойынша тиісті жоспары артығымен орындалды. Сонымен қатар, 2023 жылға негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары – 31,5млрд. теңге болып бекітілген еді. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 11,5 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0%-ға орындалды. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамып келеді. Бүгінгі таңға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12368 бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 128,3%-ға орындалды. Осы бағытта ауданда 16743 адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі – 100,4 млрд. теңгеге жетті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,5%-ға артты. Бөлшек сауда өнімінің көлемі – 8,7 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,2%-ға орындалды. Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді. Ол үшін ауданымыздағы өндіріс орындарын көбейту үшін «Қазығұрт» индустриялдық аймағына инвесторлар тартып жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриялдық аймағы (35 га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіншілік жасалды. Яғни, индустриялдық аймақтағы инфрақұрылым жүйелерінің қуатын ұлғайту арқылы қосымша кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған

Leave a reply