ТҮРКІСТАН МОБИЛЬДІ КЕҢЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІЛЕРІН ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0
31

Түркістан облысы бойынша 3G стандартын қолдайтын 437 АЕМ-нің (халық саны 1 015 047) базалық станцияларын 2023-2029 жылдар аралығында 4G стандартына модернизациялау жоспарлануда. Қазіргі таңда орталық атқарушы органдармен «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы 2023-2027 жылдар аралығына әзірленуде. Облыс бойынша негізгі іс-шаралар жоспары айқындалды. Олар: Талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы (бұдан әрі-ТОБЖ) АЕМ-де қолжетімділікпен қамту. Іске асыру мерзімі: 2027 жыл. Қазіргі уақытта облыс бойынша 376 АЕМ-де 855 мемлекеттік мекеме ТОБЖ қамтылған. Қосымша, Ұлттық жобаға 389 АЕМ-де 758 мемлекеттік мекеме ұсынылды Министрлікпен айқындалған критерийлерге сәйкес кемінде екі әлеуметтік нысан болуы қажет. Республикалық және негізгі облыстық жолдарды 4G технологиялары мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету, және бұл жобаның іске асу мерзімі 2027 жыл болып табылады.

«Соңғы мильді» субсидиялау арқылы интернетті АЕМ-дегі үйшаруашылығына дейін жеткізу. Іске асыру мерзімі: 2027 жыл.

Қазіргі уақытта ТОБЖ тартылған 82 АЕМ 6736 тұрғын үй және 30 мың тұрғын қамтылған. Жоспар: 2023 жылы инвесторларды тарту жолы арқылы 10 мың тұрғын үйді қосу. Сондай-ақ, 5G желісін енгізу жоспары қолға алынбақ. Түркістан қаласының бүкіл тарихи әрі маңызды орталығын қамтитын 9 сыртқы 5G базалық станциялары орнатылды. Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласы әуе жайы, «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда бесінші буынды 5G мобильді интернеті іске қосылған. Түркістан облысы аумағында жалпы 833 елді мекен бар. Оның 826-сы ауылдық елді мекен болса, 7-уі қала. Бүгінде 655 ауылдық елді мекендегі 2 000 000 жуық тұрғын 3G және 4G мобильді интернет желісімен қамтылған. Ал, қалған 150 000 жуық тұрғыны бар 178 ауылдық елді мекенде интернет жоқ. Соның ішінде 62-інде байланыс мүлдем орнатылмаған.

Мәселен, «Кселл» тарапынан келісілген Жол картаға сәйкес, облыстағы 140 елді мекенде жаңа базалық станция орнату, 78 елдімекеннің базалық станцияларын жаңғырту жоспарлануда. Облыс әкімі«Kcell» АҚ Басқарма төрағасының бұл жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуын бақылауға алуын атап өтті.

Leave a reply