ТҮРКІСТАН: МУЗЕЙ – КЕШЕГІ МЕН БҮГІНГІНІҢ АРАСЫН ЖАЛҒАЙТЫН АЛТЫН КӨПІР

0
32

Музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлімтәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музейлер алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты.
Музейдің даму ісіне көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: «коллекция – шашыранды заттарды бір топқа біріктіру» деп түсіндірді. Коллекциялау ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар т.б. айналысты. Еуропада тарихи мұражайлар XVI¬XVIII ғасырларда пайда болды. Музей ұлттық сана сезімді оятуға, мәдени саяси идеяларды (ой ¬сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 жылы Германияда өнер музейлері құрылды. 1811 жылы Ресейде – Феодосияда, 1825 жылы Одессада, 1828 жылы Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери тарихи музейлер құ рылды. XIX ғасырда этнографиялық зерт теулердің дамуы нәтижесінде этногра фиялық музейлер ашылып, олар ғылыми зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Буда ¬ пешт (1872), Стокгольм (1874), Париж (ха лықтану музейі, 1877), Роттер дам (1883) қалаларында қоныс тепкен этно ¬ гра фиялық музейлер. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық музейлер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланд, 1912) құ ры лып, ірі ғылыми ізденістермен айна лысты. Түрлері және қызметі бойын ша му зей негізгі бaғыты тұрғысынан бір не ше топтарға бөлінеді: тарихи музей лер (жалпы тарих, археологиялық, антроп ологиялық, этно графиялық, нумиc мати калық, т.б.), көркемөнер музейі (көр кемөнер, мү сін, қолөнер, қолд aнбалы өнер, театр, музыка кино т.б. музейлер), «жаратылыс тану музейлері» (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, мине ралдық, палеонтологиялық т.б), техникалық музейлері (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнім дері, т.б.), «кешенді музей» (тарих, ша руа шылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейі), мемориалдық музей (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музей). Музей ісінің негізгі бағыттары – мұра ларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рес товрация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейлердің кадрлық жүйесін жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми¬ практикалық конференциялар өткізу, музейде басылымдар шығару, т.б. жатады. Мысалы, Қазақ стан музейлерінде кейінгі жыл дары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді. Қазақстандағы музей тари хы мұражайлардың қор жинақтау жұмы сында далалық экспед., ғылыми институттармен бірлескен жұмыстардың нәтижелері кеңінен қолданылады. Қазақ с танда мұражай тарихы 1830 жылдан бас талады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда Қазақстан Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 жылы – 3, 1927 жылы – 6, 1937 жылы – 19, 1939 жы лы – 25, 1970 жылы 29 музей болса, қазіргі таңда музей саны 154¬ ке жетті. Оң түс тік мем лекеттік музей (1830), Ә.Қас теев атын дағы республикалық өнер музейі (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі (1994), Қазақстан ҰҒА Архео логия музейі (1973), Ұлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978), Ықылас атын дағы республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), «М.Әуезов үйі» ғылыми ор талық музейі (1962), т.б. Мемориалдық му зейлер де Қазақстанның тарихи мәдени рухани өмірінде ма ңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихимәде ни қорық¬ музейі, Абай, Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіре повтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері.
1889 жылы 20 маусымда халықаралық «Музейлер ассоциациясы» құрылды. 1918 жылы Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, «Музеон» журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКОның «Музеум» журналының шығуына негіз болды. 1946 жылы Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Музейлері Кеңесі құрылды. ІCOM-¬ға 1948 жылы – 29 мемлекет, 1950 жылы – 43 мемлекет, 1977 жылы – 109 мемлекет, 1999 жылы 135 мемлекет музей мүше болды. 1977 жылы Халықаралық музейлер Кеңесінің 11 конференциясында 18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІ! болып белгіленді. Қазіргі таңда музей қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық музейі» РМҚК республикамыздағы іргелі музейлердің бірі. Қорық¬-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи ( Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды. 1989 жылы 28 тамызда Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №256 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық музейі» болып құрылды. Ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен құрылды. Қор сақтау және есепке алу, Ғылыми-¬зерттеу жұмыстары, Тарихи мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және есепке алу, Экскурсия және насихат, Қызмет көрсету және эксплуатация бөлімдері жұмыс атқаратын қорық музейде құрамында 99 тарихи мәдени ескерткіш бар. Олардың ішіндегі 1-¬і халықаралық, 18- -і республикалық, 7¬-і жергілікті маңызға ие. 73 ескерткіш алдынала есепке алу тізіміне енгізілген. Түркістанның бас жәдігері болып табылатын Халықаралық дәрежедегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ортағасырлық теңдесіз сәулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО¬-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды. Әлемдік маңызға ие болған ескерткіштің ұлттық пантеон ретіндегі алар орны да айрықша. Қорық¬-музей Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен бірге Үлкен Қылует (жер асты мешіті, ХІІ ғасыр), Әулие Құмшық Ата қылуеті (ХІІ ғасыр), Есім хан кесенесі (ХVІІ ғасыр), Тәуке хан кесенесі (ХVIІІ ғасыр), Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (ХV ғасыр), Шығыс моншасы (ХVІ-ХVІІ ғасырлар) т.б. археологиялық, тарихи сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі төңірегіне Жолбарыс хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, Бөгенбай батыр т.б. тарихи тұлғалар жерленген болса, қорықмузей мамандарының зерттеулері нәтижесінде сол тұлғалардың бүгінде 229-¬ы анықталды. Қорықмузейдің қорында 24 615 дана құнды тарихи жәдігерлер қордаланған. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнография және нумизматикалық топтарға жататын жәдігерлердің талапқа сай сақ талуы үшін соңғы үлгідегі арнайы құрылғылар орнатылған. Қорықмузей экспозициясына шығарылған жәдігерлер саны – 1896. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық музейі» РМҚК еліміздегі барлық республикалық, облыстық музейлермен қатар туристік ұйымдармен және ғылыми-зерттеу институттарымен әріптестік орнатқан және солардың арасында келушілері ең көп музей болып табылады. Келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері де талапқа сай жүйелі жолға қойылған. Осындай атқарылған іс-¬шаралар нәтижесінде қорық музей 2015 жылы халықаралық ICOM одағының «Жыл музейі» дипломына ие болса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық бизнес¬-рейтинг бағдарламасының «Өрлеу қарқыны» номинациясында Қазақстан музейлері бойынша «Сала көшбасшысы» атағына, «Алтын» рейтингісіне ие болып, Халықаралық сертификатпен және арнайы «Алтын қыран» медалімен марапатталды. Қорық¬-музейде 5 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 14 ғылым магистрі, 17 қызметкер «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанды. Қорық¬-музей мамандары соңғы жылдары «100 аңыз» (2018 ж.), «70 хикмет» (2018 ж.), «Түркістан жазирасының қыш ыдыстары» (2018 ж.), «Зергерлік бұйымдар топтамасы» (2018 ж.) каталог кітаптары, «Әзірет Сұлтан» қорық музейіне 40 жыл» альбом кітабы (2018 ж.), «Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» (2019 ж.), «Түркістанда жерленген қазақ билері» (2020 ж.), «Әзірет Сұлтан» энциклопедиясы (2021 ж.), «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» (2021 ж.), «Теріскей толғаулары» (2021 ж.), «Диуани хикмет» (2021 ж.), «Кәрсон Таңыбай батыр» (2021 ж.) сынды кітаптары көрерменге жол тартты. Алдағы уақытта «Түркістанда жерленген қазақ батырлары», «Түркістанда жерленген діни рухани тұлғалар», «Қарпық батыр Өтепұлы» сынды кітаптар мен «Тиындар коллекциясына» қатысты каталог жарыққа шығады деп жоспарлануда. 2019 жылы қолға алынған жобалардың бірі «Ясауи ізімен» ғылымитанымдық экспедициясы өз жемісін беруде. Нәтижесінде, Сайрам ауданы, Созақ ауданы, Жаңақорған ауданы, Ташкент қаласы, Наманган қаласында өткізілген жұмыстардың нәтижесінде Қ.А.Ясауиге қатысты көптеген рухани мұралар табылып, зерттелуде. Бес жылға жоспарланған жоба бағдарламасында ендігі кезекте Түркия, Ресей, Еуропа елдері мен Шығыс Азия мемлекеттері тұр. Ясауитанудағы зор жетістік деп бағалауға тұрарлық бұл іс-¬шара алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Берік БАЙБОЛОВ.

Leave a reply