Thursday, November 21

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА 570 ГЕКТАРҒА 4 ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ

0
32

Жаңа индустриалды аймақтар өңірдің дамуына оң серпін береді. Соның бірі Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінен, Жетісай бағытындағы жолдың бойынан 300 гектар жерге «Келес» индустриалды аймағы құрылды. Инфрақұрылым нүктелерін есепке ала отырып, аудан әкімдігі жер телемін де ұсынған. Ал Түркістан индустриалды аймағынан соғылған 2 браунфилдте бүгінгі таңда жиһаз өндіру цехі және шұлық бұйымдарын өндіру цехі жұмыс жасап отыр.

Өңірде өндірістік парк бойынша 39 өндірістік ғимаратты құру жоспарланған. 1-кезең бойынша 10 ғимарат құрылысы аяқталып, инвестиция сомасына 10 жоба іске асырылуда. Ал 2-кезең бойынша 12 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары басталды. Өндіріс орындарында орналасатын инвестициялық жобалар пулы жасақталып, меморандумдарға қол қойылды. 3-кезең бойынша 17 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары да басталған. Кейбірі кәсіпкерлердің есебінен де соғылуда. Сауран ауданында Қарашық, Шорнақ, Иассы ауылдық округтерінде жалпы көлемі 70 мың шаршы метр болатын 49 өндірістік ғимарат салу жұмыстары басталды. Жобалардың басым көпшілігі жиһаз өндіру саласында.

Облыста соңғы бір айдың ішінде Қазығұрт, Сауран, Сарыағаш және Келес ауданында 570 гектарға қосымша 4 индустриалды аймақ құрылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиын барысында индустриалды аймақтарды жобалармен толықтыру жайы талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға бұл бағыттағы күшейтуді тапсырды.

Индустриалды аймақтармен қатар, жобаларды «TURAN» арнайы экономикалық аймағына тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында, шетелдік компанияның текстиль кластері, Полимерлі құбырлар, Тау кен металлургия кешеніне арналған құрылғылар зауыттар бар.
Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 594 гектардан тұратын 10 индустриалды аймақ бар. Онда 125,6 млрд теңгені құрайтын 87 жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың басым бөлігі құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі саласында жұмылдырылған.

Leave a reply