ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДРАЙВЕРІ – АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

0
32

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 802,6 млрд. теңгені құрап, республика бойынша 1 орынға шықты. Жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127,3 млрд. теңгеге, нақты көлем индексі 103 пайызға жеткізіледі деп күтіліп отыр. Еңбегімен дараланған өңір жұртшылығы бүгін «Алтын күз-2023» мерекелік іс-шарасын өткізді. Жәрмеңке өткізіліп, тұрғындарға арзан бағада азық-түлік өнімдері саудаланса, көпшілікке мемлекеттік бағдарламалар арқылы алынған ауыл шаруашылығы техникалары, облыс өндірушілерінің өнімдері және өзге де жетістіктер көрмесі ұсынылды.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешен саласында биыл 16,7 млрд. теңгені құрайтын 25 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланса, бүгінгі таңда 22 жоба іске асырылып, 14,1 млрд. теңге инвестиция тартылды. Тоғыз айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 82,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, 145,9 пайызға ұлғайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 250,3 млн. АҚШ долларын құрап, 1,4 есеге артты.

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені жалпы өңірлік өнімнің 30 пайызын құрайды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйвері. Биыл егістікті әртараптандыру нәтижесінде масақты дақылдар 10 мың гектарға артып, 273,4 мың гектарға орналастырылды, 493 мың тонна өнім жиналды. Малазықтық дақылдар 2 мың гектарға артып, 223,7 мың гектарды құрады, 5 млн. тонна мал азығы дайындалды. Мақта саласын кешенді дамыту мақсатында Түркістан облысының мақта-тоқыма кластерін құру жобасы әзірленді. Облыста су үнемдеу технологияларын пайдаланатын алқап 34 мың гектарды құрайды. Оның ішінде тамшылатып суғару технологиясы 23 мың гектарға, жаңбырлатып суғару технологиясы 10 мың гектарға орналастырылған.

Атап айтқанда, егіс көлемін 860 мың гектарға, бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасын 9303 гектарға жеткізу көзделген.
Қосымша 93 гектарға жылыжайлар салу жоспарланды. Су үнемдеу технологиялары ендірілген алқапты 39,2 мың гектарға жеткізу, жаңадан 665 гектарға қарқынды бау, 120 гектарға жүзім отырғызу межеленген. Сақтау қуаттылықтарын қосымша 29,3 мың тоннаға арттыру, 1346 бірлік а/ш техникаларын алу жоспарланды. Жылына 40 мың тонна жеміс-көкөніс өңдеу, 17 мың тоннаға ет өңдеу, 37 мың тоннаға сүт өңдеу кәсіпорындары ашылады. 1000 бастан жоғары 13 бордақылау алаңы, 200 бастан жоғары 4 сүт фермасы ашылады. 4 ірі құс фермасы ашылады және жалпы 270 мың басқа отбасылық құс шаруашылықтарын ашу көзделген.

Биыл Түркістан облысында 4 тоқыма, тігін және 6 жүн, тері өңдеу кәсіпорындары ашылады. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 75,2 млрд. теңге, тамақ өнеркәсібіне 11 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылып, жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127 млрд. теңгеге жеткізіледі.

Leave a reply