ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ

Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Жыл басынан бері облысқа 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер саны – 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар саны – 210 мың адам. Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген.
Туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта «Қолөнер қалашығы» және 99 гектар жерге атшабар салынуда. Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында жоба құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын 6 емдік-сауықтыру ұйымының құрылысы жүргізілуде.
Түркістан өңірінде емдік-сауықтыру туризмі дамып келеді. Бұл тұрғыда Сарыағаш ауданының үлесі зор. Өңірдегі 75 шипажайдың 60-ы осы ауданда. Алайда оның ішінде 3 шипажай статистика органдарына тіркелмеген. 2024-2028 жылға дейінгі дамыту жобасын таныстырды. Биыл сондай-ақ, корпустың ішін, қасбетін ағымдағы жөндеу жұмыстары мен шатырын ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып, қазіргі уақытта жобалық сметалық құжат дайындалған. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары да қолға алынбақ. Өңір басшысы жұмысты қысқа мерзім ішінде қайта жандандырып, кемшіліктерді түзету бойынша нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда емдік туризмнің басты келелі мәселелері қызмет көрсету сапасының төмендігі, шипажайлардың ретсіздігі және ұңғымалар санының аздығы болып отыр. Аталған мәселелерді шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар облыс әкімдігі тарапынан атқарылған мониторинг жұмыстары баяндалды.
Айта кетейік, Сарыағаш» Емдеу-оңалту кешені» ЖШС 2013 жылы облыстық коммуналдық меншіктің құрамына қабылданған. 2023 жылы демалушылар саны 15 416 адамды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 480 адамға өскен. Мұнда азаматтарды емдеу, оңалту және сауықтыру ісі бойынша 37 қызмет түрі жүзеге асырылады.
Жалпы өңірдің туристік инфрақұрылымын жақсарту бойынша туризм саласына инвестициялар тартылып, жаңа туристік бағыттар мен қызметтерді іске асыру, Түркістан облысының табиғи, мәдени және тарихи байлықтарын тиімді пайдалану арқылы аймақтың туристік тартымдылығын арттыру жоспарланып отыр. Екіншіден, өңірдің туристік кластерін дамыту көзделуде. Жоспар үш негізгі кластерді қамтиды: этнокластер, экокластер және курорттық кластер. Үшіншіден, облыстың туризм саласында жаңа қызметтердің түрлерін кеңейту міндеті қойылған. Оның ішінде агротуризм, спелеотуризм, белсенді экстримальді туризм, сафари туризмі және жаңа мұражайлардың қызметтерін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Табиғаты әсем Түлкібас ауданы экономикасының дамуының маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. Ауданда туризмді дамытуға ден қойылған.
Қазіргі таңда Түлкібаста 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік базалар, 4 киелі аймақ және 3 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді.
Туризм бағыты бойынша алдағы 3 жылда 13,4 млрд. теңгеге 5 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде, «Ақcу Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенін қайта құрылымдау және «Түлкібас саясы» ЖШС-нің қолданыстағы емдік сауықтыру орталығын кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Ақcу Жабағылы» ОСК» ЖШС арқылы 400 орындық оңалту сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынады. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер есебінен «Патсаев. К» және «Боташов Б» демалыс орындары ашылмақ. Жобалар толық іске қосылғанда, 323 жаңа жұмыс орны ашылады. Одан бөлек, төсек-орын саны қосымша 640 бірлікке артып, салық түсімдері ұлғаяды деп күтілуде.
Түркістан облысында туризм саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған іс-шара жоспары әзірленді. 2029 жылға дейін аймақтағы туристер санын 1 млн. адамға жеткізу межеленген. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында облысқа келуші туристердің әртүрлі категориялары бойынша нақты көрсеткіштер белгіленген. Атап айтқанда, орналастыру орындарында қалған туристер саны 550 мың адамға жетуі тиіс. Осы арқылы өңірдің қонақүйлері мен туристік инфрақұрылымының деңгейі мен тартымдылығын арттыру көзделуде. Сонымен қатар табиғи аумақтарға келетін туристер санын 200 мыңға, ал емдік-сауықтыру орындарына келетін туристер санын 250 мыңға жеткізу жоспарлануда. Халықаралық туристік дестинацияларда туристерге ұсынылатын бірыңғай қызмет түрде қарқынды дамыған. Соның ішінде City Pass туристік картасы үлкен сұранысқа ие. Бұл ретте өңірдегі мұражайлар, қонақүйлер, ресторандар, такси қызметтері және туристерге көрсетілетін басқа да қызметтерді біріктіре отырып, жеңілдетілген бағада туристік бағдарламаларды сату арқылы экономикалық табысқа қол жеткізуге болады. Сондықтан Turkistan City Pass электрондық туристік карта жүйесі іске қосылады.
Өткен жылы Италияның «Alpin Tour», «Tomiris Travel» компаниялары мен серіктестеріне Түркістан облысының туристік бағдарламалары таныстырылып, Италия нарығында сатылымға шығарылған болатын. 2025 жылы Италия нарығынан 24 топ (әр топта орташа есеппен 20-25 турист) Түркістан облысына 2 күндік бағдарламамен келеді деп күтіліп отыр.