ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАЙТЫН РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІ ӘЗІРЛЕНДІ

0
37
✔️Түркістан облысының аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың жұмысын бағалау мақсатында арнайы рейтингті есептеу жүйесі әзірленді. Сонымен бірге мемлекеттік сатып алу саласындағы жоспарлардың орындалуына да қадағалау күшейтіледі. Аталған мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға өз міндеттерін уақтылы әрі сапалы атқару міндет екенін қаперлеріне салды.
📌– Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының жұмыс қарқыны тұрақты түрде қадағаланады. Индикаторлардың орындалуын аппарат мәжілістерінде жүйелі талқылаймыз. Сондықтан аудан, қала әкімдері осы мәселені назарда ұстап, индикаторлардың толық орындауға күш салсын. Индикаторларды тағы да зерделеп, қажетті тармақтарды қосыңыздар. Барлық сала түгел қамтылуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу процестерін уақтылы жүзеге асыруды тапсырамын. Сылбырлыққа жол бергендердің жауапкершіліктері қаралады. Бюджеттің мүмкіндігін, құрылыс жұмыстарының маңыздылығы мен экономикалық тиімділігін ескеріп, әр жобаны әділ әрі нақты бағалау қажет. Артық қаржы жұмсауға жол берілмейді, – деген Нұралхан Көшеров экономикалық көрсеткіші төмен әрі мемлекеттік сатып алу процесінде кемшілік анықталған басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.
✔️Мәжілісте Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек пен Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұловтың есептері тыңдалды.
✔️Өңірде негізгі экономикалық көрсеткіштер жақсарған. Оң динамика бар. Осы қарқынды түсірмеу үшін аудан қала әкімдері қызметінің тиімділігін бағалайтын 67 көрсеткіш әзірленді. Көрсеткіштердің маңыздылығын ескеріліп, ол 9 блокқа жинақталған. Бағалау жүйесіндегі 67 көрсеткіштің 2-еуі облыс деңгейінде қалыптасады. Әсіресе, өндіріс орындарын ашу, өнеркәсіпті дамыту, ішкі кірістерді ұлғайту бағыттарына басымдық беріледі. Экономикалық даму индикаторы ай сайын есептелетін болса, барлық 9 индикатор бойынша аудан қала әкімдерінің рейтингі тоқсан сайын шығарылады.

Leave a reply