Четверг, 12 июня

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҢА БАҒЫТТА ДАМЫП ЖАТЫР

0
22

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 48 000 тонна ет шығаратын тігінен интеграцияланған бройлер құс фабрикасы салынады. Бұл жоба құс етіне ішкі және сыртқы нарықтарда өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Қазіргі уақытта кәсіпорын қуаттылығы жылына 12 000 тонна дайын өнім өндіретін ет өңдеу зауытын, 2000 басқа арналған бордақылау алаңын қамтиды. Өндіріс қуатын кеңейту жобасы 5 жылға есептелген.

2026 жылы бірінші кезеңде 16 000 тонна құс еті өндірілсе, 2028 жылы өндіріс қуаты 32 000 тоннаға, ал 2030 жылға қарай-48 000 тоннаға дейін жеткізіледі. Жобаның жалпы құны: 52,9 млрд теңге. Қазіргі уақытта жобаны іске асырудың барлық аспектілерін қамтитын егжей-тегжейлі бизнес-жоспар әзірленді, қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін әлеуетті инвесторлармен және қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілді.

Сауран ауданында ауылшаруашылығы саласында 2025 жылдың басынан бері 6,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 102 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта өңірде биыл құны 16,4 млрд теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жайында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Ауданға қарасты Шаға ауылдық окугінде келесі жылы «Eco-Chiken» ЖШС жұмысын бастамақ. Ет бағытындағы құс фермасының жоба құны 2,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Өндіріс орны толық іске қосылған соң тек облыс көлемінде ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне құс етін эспорттауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, «Ақ Сауран» ЖШС-ң құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 700 гектар аумаққа жаңбырлатын суару қондырғысын орнату жобасы да жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар аудан әкімі өңірлік өнім көлемін артыру мақсатында, ауданның 2030 жылға дейін 3 бағыт бойынша даму жоспары әзірленгенін жеткізді. Жоспарға сәйкес, аталған мерзімге дейін жалпы құны 209,3 млрд теңгені құрайтын 254 инвестициялық жобаны іске асырып, 4 162 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Ал, 2025 жылдың соңына дейін медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық өнімдер, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін шығару және басқа да тауарлар өндіретін 30 өндірістік орын ашылады. Салынатын инвестиция көлемі 100 млрд.теңгені құрап, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Аудандағы тарихи нысандарға келуші туристер де жыл санап артып келеді. Өткен жылдың қорытындысымен өңірде қонақ болғандар саны 100 мың адамға жуықтаған. Жалпы Сауран ауданында 54 тарихи нысан орналасқан. Оның ішінде, 3 нысан республикалық маңызға ие. Саланы әрмен қарай дамыту мақсатында биыл жалпы құны 5,3 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 164 адам жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар, Үшқайық ауылдық округіндегі минералды су көздерін тиімді пайдалану мақсатында емдік сауықтыру және демалыс аймағын құруға 20 гектар жер телімі белгіленді. Алдағы уақытта 14 жоба іске асырылып, 5 млрд теңге инвестиция тартылады.

Сонымен қатар аудан әкімі өңірдегі инфрақұрылым саласындағы оң өзгерістерге де тоқтала кетті. Бүгінгі таңда ауданға қарасты 33 елді мекеннің 32-сі ауыз су құбырларымен қамытылған. Өткен жылы 14 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл Ескі Иқан, Жүйнек, Қазақстанның 30 жылдығы, Егізқара елді мекендерінің ауыз су жүйелері ретке келтіріп, 24 сағат ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, электр жүйесімен қамту бағытында 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен 56 дана трансформаторлар ауыстырылған. Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і есебінен 17 шақырымды құрайтын электр желілері ауыстырылып, 4 дана трансформатор орнатылды. Биыл бюджет есебінен қосымша 12 трансформатор орнатылады. Ал, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і есебінен 5 трансформатор орнатылса, 13 шақырым электр желілері ауыстырылады. Өңірдегі табиғи габен қамту көрсеткіші 43,3 пайызға жеткен. Жыл соңына дейін қосымша 1 790 абонент қосылып, 45,6 пайыз аудан тұрғындары көгілдір отынды тұрақты пайдалануға мүмкіндік алады.

Кентау қаласы құс шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 284 пайызға, балық шаруашылығын дамыту бағытын 132 пайызға орындап, алдынғы орынды иеленді. Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 13,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Егін шаруашылығында 7,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 2,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. 3 агроқұрылымда қосымша 80 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 100 пайызға орындалған. Ауыл шаруашылығы өнімінің 5,4 млрд теңгесі мал шаруашылығында өндірілген.

ҚР Президенті ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Осы бағытта өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Аталған жоба бойынша Кентау қаласынан Қарнақ, Хантағы ауылдары енді. 2023 жылы «Ырыс» МҚҰ-дан 92 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 5 жоба ұсынылып, 26,6 млн теңгеге толық қаржыландырылды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша биыл 477 млн теңгеге 97 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 194 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылдардағы халықтың табысын арттыру. Бағдарлама пилоттық негізде 2023 жылдан жүзеге асып, өз тиімділігін дәлелдеп келеді. Биыл Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 62 ауылдық округте 749 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1185 тұрақты жұмыс орны ашылып, 100-ге жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықтан арылады деп күтілуде.

Жыл ішінде «Ауыл аманаты» жобасымен өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша – 195, мал шаруашылығын дамыту бойынша – 175, құс шаруашылығын дамыту бойынша – 108, балық шаруашылығын дамыту бойынша – 71, кооперативтерді құрал-жабдықтармен жабдықтау бойынша – 62, өз кәсібін ашу бойынша 138 жобаны іске асыру көзделуде.

 

 

Leave a reply