Среда, 11 июня

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ САНЫ АРТУДА

0
8

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 16 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Орталықтарда күнделікті 60-70 зейнеткер, ал айына 120-150 адам қызметтерді пайдаланады. Жыл басында 3480 адамға қызмет көрсету жоспарланып, қазіргі таңда 2 240 зейнеткер қамтылған. Орталықта қарияларға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық және өзге де көмектер көрсетіледі. Қарттардың алаңсыз тынығып, салауатты өмір салтымен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.02.2021 жылғы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарын ашу тапсырылған. Негізгі мақсаты – ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өңір тұрғындарының назарына аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет ұсынамыз.

Сонымен қатар Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде “Тең қоғам — Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы ашылды. Қазіргі таңда азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, өзара байланыс орнату және дене белсенділігін арттыру – қоғам дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта ашылған орталықтың заманауи талаптарға сай жабдықталуы, кәсіби мамандармен қамтылуы және әрбір келушіге ыңғайлы жағдай жасалуы басты назарға алынған.

Түркістан өңірінде мерекеге орай 17-ші «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Екі жыл бұрын облыс орталығында дәл осындай алғашқы нысан пайдалануға берілген болатын. Орталықтың қызметіне зейнеткерлердің арасында сұраныс жоғары болуына байланысты биыл сәуір айында қаладағы «Бекзат» тұрғын алқабынан №1 филиалы ашылса, бүгін «Отырар» тұрғын алқабынан №2 филиалы қызмет көрсетуге дайын.

Орталықтың ашылу салтанатында шаһардың ақсақалдары ақ батасын беріп, мемлекеттік қолдауға ризашылықтарын білдірді. Өңір басшысы ардагерлермен кездесіп, пікірлерін тыңдады. Орталықты аралап көріп, жұмысына сәттілік тіледі. Сайрам ауданы Ақсукентте орналасқан «Белсенді ұзақ өмір орталығы» салтанатты түрде ашылды. Аталған орталық мүгедектігі бар зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартады. Сонымен қатар, адамдарды және зейнеткерлік жастағы азаматтарды медициналық емес сипаттағы сауықтыру іс-шараларымен қамтамасыз етпек. Мамандардың айтуынша, бұл орталықтың мүгедектігі бар адамдардың және зейнеткерлік жастағы адамдарды физикалық және психикалық қолдауда маңызы айрықша.

Аталған нысанның құны 770 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мемлекеттен 170,0 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Бүгінде 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде. Өткен жылы Түркістан қаласында ардагерлер мен зейнеткерлерге, сондай-ақ ерекше жағдайдағы азаматтарға қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылған болатын.

Орталықта 3 бөлім, яғни «Белсенді ұзақ өмір сүру», «TEN QOGAM», «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» жұмыс істейді. Өткен жылы орталық 360 адамға 6 бағыт бойынша 3 486 қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, «Әлеуметтік-медициналық» қызмет бойынша – 2206, «Әлеуметтік психологиялық» қызмет – 657, «Әлеуметтік құқықтық» қызмет – 43, «Әлеуметтік ағартушылық» қызмет – 165, «Әлеуметтік еңбек терапиясы» — 46, «Әлеуметтік демалыс» қызмет (шахмат, бильярд, экскурсия т.б) — 369.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін «TEN QOGAM» орталығында бүгінде 222 адамға 7 бағыт бойынша қызмет көрсетіліп келеді. Орталықтың қолдауымен 10 азамат жұмысқа орналасса, 49 адам арнайы кәсіпкерлік бағыты бойынша оқу курстарына қатысып, 11-і мемлекеттік грант иегері атанды.

Одан бөлек, орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімі жұмыс істейді. Орталықта қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған. Зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен психологиялық көмек, тұзды бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис, қосымша би, ән сынды үйірмелері ұйымдастырылған.

Начало формы

 

Leave a reply