ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1465 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орындарын ашу жоспарланып 1465 жұмыс орындары құрылды. Биыл өңірде 130 769 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, оған 4 айдың қортындысымен 43 213 адам қатысты. Ал субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 34 258 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланып, нақты 18 025 адам жолданды.
Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 680 адам қатысса, 11 052 адам жастар практикасына жолданып, оның ішінде 1 383 адам қатысты. Сондай-ақ, 13 956 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға 13 184 адам жолданған.«Күміс жас» жобасына нақты 59 адам жолданған. Сонымен қатар 57 221 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланып, нақты 10 942 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Айта кетейік, ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар негізінде жалпы саны 375 инфрақұрылымдық жоба төңірегінде 4 074 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар. Аталған жобалар аясында 160 жаңа жұмыс орны ашылған. Бүгінде электрондық еңбек келісім шарты 97,1% пайызды құрап отыр.
Жұмыспен қамту. Облыстағы жұмыссыздар саны – 40,7 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрады. 2024 жылғы ІІ тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 324 470 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5%-ға артып, нақты ақшалай табыс 101,7%-ды құрады. 2024 жылы облыс әкімімен бекітілген «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 118 889 жұмыс орнын (74 051 тұрақты, 44 838 уақытша жұмыс орындары) ашу жоспарланса, оның ішінде «Еңбек бағыты» бойынша 87 820 жұмыс орнын құрайды (45 664 тұрақты, 42 156 уақтыша жұмыс орын).
Өткен жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 88 928 жұмыс орны ашылып, 46 218 тұрақты, 42 710 уақытша жұмыс орнын құрады. Оның ішінде бағыттары бойынша: Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында 397 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру аясында 3 661 жұмыс орнын ашу көзделіп, бүгінгі таңға 2 533 адам жұмысқа жолданды. 525 орын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша; 306 орын «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша; 216 орын «ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде; 865 орын «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша; 248 орын «ҚР агрөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында; 331 орын «ҚР өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша; 42 орын «Облысты дамыту бағдарламасы» аясында қамтылған. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес 16 156 жұмыс орны ашылды (жоспар – 22 295 орын). «Еңбек» бағыты аясында 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 70 239 адам жұмыспен қамту шараларына жолданды (80%). Оның ішінде: 27 282 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданып, жылдық жоспардың 63,1%-ы орындалды (жоспар – 43 250 адам); 30 230 адам субсидияланатын жұмыс орындарына қатысып, жоспар 96,9%-ға орындалды (жоспар – 31 208 адам). 4 674 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (жоспар – 4 680 адам, 99,9%); 6 053 адам жастар практикасына (жоспар – 8 500 адам, 71,2%); 15 321 адам қоғамдық жұмыс орындарына (жоспар – 13 950 адам, 109,8%); 1 741 жастар «Алғашқы жұмыс орны» жобасына (жоспар – 1802 адам, 96,6%); 2 441 адам зейнеталды жасқа дейінгі «Күміс жас» жобасына (жоспар – 2 208 адам, 110,6%) жолданды.
2023 жылдан өтпелі 10 948 адам субсидияланған жұмыс орындарын жалғастыруда («Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» мен «Күміс жас» жобаларына қатысқандар). Жаңа-бизнес идеяларын дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіште 1 779 адамға 2,6 млрд теңгеге грант берілді (жоспар – 1 793 адам). Сонымен қатар жұмыссыздарға кәсіптік білім беру мақсатында Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 3 847 адам онлайн оқытудан өтіп, 3 662-і немесе 95 пайызы сертификат алды. Өз кәсібін бастау мақсатында жұмыссыздар қатарындағы 6 266 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды. Жалпы, жұмыспен қамту шараларына бөлінген 37 148,1 млн теңге қаржының 19 552 млн теңгесі (52,6%) игерілді.
Сонымен қатар сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесінде мемлекет тарапынан бөлінген қаржының мақсатты игерілуі мен заң бұзушылықты болдырмау мақсатында Еңбек мобильділігі орталығының тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, субсидияланған жұмыс орындарын мониторингілеу жұмыстарының жүргізілуі қатаң бақылауға алынды. Яғни, ай сайын жұмысқа орналасқан азаматтардың жұмыста болуын тексеру және жұмыс орнына қабылданған азаматтарға қоңырау шалу арқылы қатысқанын растау шаралары жүргізілді. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жұмыс орындарына қабылданғандар ішінде 1 309 адамға (4,3%) еңбек тәртібін сақтамағаны үшін жұмысты тоқтату шешімі қабылданды (оның ішінде 694-і жұмыста болмаған, 615 адам жұмысқа орналасқанынан бейхабар). Тиісінше, аталған жұмыс берушілермен келісімшарт бұзылып, тиісті шаралар қабылданды.
Мониторингілеу жұмыстарының барлық шараларын қолдану және қатысу мерзімдерін қысқарту (12 айдан 9-6 айға дейін) нәтижесінде жыл соңына дейін субсидияланған жұмыс орындарына бөлінген қаржының 7,3 млрд теңгесі үнемделді. Өз кезегінде, 2024 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5% құрады.