ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында білім саласы бойынша оқушылардың қажеттіліктерін сапалы әрі уақтылы үйлестіру және мемлекет қаржысын мақсатты пайдалану үшін саланы цифрландыру жұмысы күшейе түскен. Өңірде білім сапасын арттыру бағытында жоспарлы жұмыстар орындалып, оқу орындарының саны артып жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар жөнінде өңір тұрғындарының назарына мәлімет ұсынамыз.
Жалпы облыста 50 колледж жұмыс жасайды, онда 75 мамандықта 45 530 студент білім алуда. Өңірде жұмысшы мамандықтар даярлайтын 30 колледжде 16 100 студент білім алады. 2024-2025 жылдарда мемлекеттік тапсырысқа 15 525 орын бөлінді. Ал, жаңа 2025-2026 жылда еңбек нарығының сұранысына қарай 15 500 мемлекеттік тапсырысқа орын бөлу жоспарланған, оның ішінде 9 500-і жұмысшы мамандықтар (былтырғы жылмен салыстырғанда жұмысшы мамандықтарға 1000 орын артық).
Сонымен қатар жуықта ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысының білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізген болатын. Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының қабылдануы білім беру мен ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесінің бастамасы екеніне ерекше тоқталып, атауын «Адал азамат» атауына ауыстыруға толық келісетінін баяндады. Бұл бағдарламаның даму стратегиясының нақты айқындауға және болашақ ұрпақтың нақты күтілетін бейнесін анықтауға негіз болары анық. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан мәлімдесінде білім саласы назардан тыс қалмады. Оның қатарында отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу бар. Осы мақсатта Кездесуді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп отырды.
Ұлттық құрылтай аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар сөз болды, сондай-ақ білім саласындағы тәрбие, жұмысшы мамандықтарды даярлауға қатысты бірқатар мәселелер айтылды. Біртұтас тәрбие бағдарламасын арқылы жаңарған нұсқада қабылдап, алдағы уақытта жекеменшік мектептердің де басшылыққа алу керектігін алға тартты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіптік және техникалық білім беру саласын жаңғыртуға баса назар аударды. Бұл бастамамен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Ең әуелі қоғамда жұмысшы мамандығына деген көзқарас өзгерсе, жастардың да осы салаға қызығушылығы арта түспек. Колледжде оқып жүріп, шетелдегі байқауда топ жарып, халықаралық сарапшы атанып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған студенттеріміз баршылық. Олардың қатарында оқуды аяқтай сала, жұмысқа орналасып, жоғары жалақы алып жүргендер бар. Өйткені бұл мамандықтарға әрдайым сұраныс артуда.
Жиын барысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы №8 колледж директоры Нұрсұлу Абдешқызы баяндамасында таныстырды. «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының» директоры Дәне Мұрат тәрбие саласына бағытталған “Адалдық — мектептегі тәрбиенің біртұтас миссиясы” жобасы аясында балаларға адал әрі табанды еңбек етуге жол слтейтін бастамасын айтты. Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде. Кәсіби техникалық колледждер жаңа мамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс деген болатын. Президенттің тапсырмасын орындау барысында нарық сұранысына сәйкес, өңірде жаңа мамандықтар ашылып, колледждер лицензия алу үстінде. Ол үшін колледждердің материалдық техникалық базасын нығайтып, өндірістен мамандар тартылуда.
Мемлекет басшысының қолдауымен ерекше мәртебеге ие болған Түркістан халқы үшін айтулы жаңалық болды. Сондай-ақ, Республикадағы әрбір 7-ші оқушының «Ер түріктің бесігі атанған» — Түркістан өңірінен екенін білесіз. Бұл Республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Міне, өңірдегі өскелең ұрпаққа беріп жатқан білім мен тәрбиенің сапасын арттыруда үлес қосып жатқан білім беру саласының қызметкерлерінің үлесі орасан үлкен және біз осы педагог қызметкерлерімізбен мақтана аламыз! Білім саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру мақсатында ғылым мен білімге, тәрбиеге үлкен мән беріліп отыр.Білім сапасы мен мазмұны бойынша нақты жұмыстар қолға алынып отыр. Бұл өз кезегінде облыстың білім сапасының едәуір жоғарылауына оң ықпал етеді деп күтіледі.
Түркістан өңірінде білім деңгейін жаңа белеске көтеру бойынша аудан, қалалардың жауапты басшыларының есептерін тыңдау басталды. Оқу жылын аяқтау, «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық, балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру, мектептерді реновациядан өткізу, балабақшалардың жағдайы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру, асханалардың ахуалына байланысты мәселелер жан-жақты қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев әр аумақтың өзекті мәселелеріне назар аударды. 17 аудан мен қаланың білім саласына жауапты басшыларын жеке-жеке қабылдап, талқылаулар жүргізді. Алғашқы алты аудан мен қаладағы білім беру жүйесі зерделенді. Облыстық Білім басқармасының өкілдері, Кентау қаласы, Сауран, Отырар, Ордабасы, Созақ және Түлкібас аудандары әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары, колледждердің директорлары атқарылып жатқан жұмыстар, жобалар, жоспарлар мен проблемаларды баяндады.
Мәжілісте балабақшалар, мектептер, колледждер мен лагерьлерді жаңғырту және газдандыру, жайлы мектептерді оқушылар және педагогтармен қамту бағыттары сарапталды. 2025-2027 жылдары Түркістан облысында 115 мектепті реновациядан өткізу көзделген. Оның ішінде 41 білім ошағының құрылысы биыл қолға алынады.
Кадрлық резервті жасақтау мен білім ошақтарына білікті мамандарды тарту жайы да сөз болды. Тәрбие ісі, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға ден қою міндеттелді. Облыс әкімінің орынбасары білім сапасының деңгейін айқындайтын мемлекеттік бағдарламалар бойынша шараларды орындауды қатаң ескертті. Жиында айтылған ұсыныстар мен тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Аудан, қалалардың жауапты өкілдерінің білім беру жүйесіне қатысты есептерін жекелей тыңдау жалғасады.