Среда, 11 июня

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛАДЫ

0
11

Білім жүйесі және оның сапасын көтеру үнемі назарда. Биылғы оқу жылында Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ 2024-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына сәйкес халықаралық оқыту курсын өткізді.

Курс үш кезең бойынша ұйымдастырылды: І кезең онлайн, ІІ кезең Алматы қаласында өтті. Ал ІІІ кезеңде екі кезеңнен іріктелген педагогтар Финляндия мен Эстонияға аттанды. Облыс педагогтары «Мұғалімдердің болашақтағы және заманауи білім беру сапасын арттыру» тақырыбында білім-білігін шыңдап, Финляндия және Эстония мемлекеттерінің білім беру жүйесімен танысады. Түркістан өңірінде білім деңгейін жаңа белеске көтеру бойынша аудан, қалалардың жауапты басшыларының есептерін тыңдау басталды. Оқу жылын аяқтау, «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық, балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру, мектептерді реновациядан өткізу, балабақшалардың жағдайы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру, асханалардың ахуалына байланысты мәселелер жан-жақты қаралды.

Айта кетейік, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде республикада алғаш рет облыстың 41 педагогы арнайы менеджмент курстарынан өтті. Халықаралық деңгейде шет елдеріндегі оқу курстарында тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ түркістандық ұстаздар мен әдіскерлер Жапонияда «lesson study» әдісі, АҚШ-та «инклюзивті білім беру», Қытайда «техникалық және кәсіптік оқыту» бағыттары бойынша халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. Жаңа оқу жылында да осы үрдіс жалғасып, педагогтар Франция, Малайзия, Сингапур елдерінде арнайы тәжірибелік курстарына қатысады. Мұнда «Келешек мектептері» мен «Мақсатты мектеп» ұстаздарына басымдық беріледі.

Аталған сала төңірегінде облыста мәжілістер жиі өткізіліп келеді. Облыстық Білім басқармасының өкілдері, Кентау қаласы, Сауран, Отырар, Ордабасы, Созақ және Түлкібас аудандары әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары, колледждердің директорлары атқарылып жатқан жұмыстар, жобалар, жоспарлар мен проблемаларды баяндады.

Аудандарда саланы дамыту, инфрақұрылымды реттеу, мұғалімдерге қолдау көрсету бағытында жұмыстар орындалып жатыр. Мәжілісте балабақшалар, мектептер, колледждер мен лагерьлерді жаңғырту және газдандыру, жайлы мектептерді оқушылар және педагогтармен қамту бағыттары сарапталды. 2025-2027 жылдары Түркістан облысында 115 мектепті реновациядан өткізу көзделген. Оның ішінде 41 білім ошағының құрылысы биыл қолға алынады.

Кадрлық резервті жасақтау мен білім ошақтарына білікті мамандарды тарту жайы да сөз болды. Тәрбие ісі, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға ден қою міндеттелді. Облыс әкімінің орынбасары білім сапасының деңгейін айқындайтын мемлекеттік бағдарламалар бойынша шараларды орындауды қатаң ескертті. Жиында айтылған ұсыныстар мен тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Аудан, қалалардың жауапты өкілдерінің білім беру жүйесіне қатысты есептерін жекелей тыңдау жалғасады.

Сондай-ақ жиында Біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалуы, «Әлеуметтік және бизнес әмиян» жобасының іске асуы, ыстық тамақпен қамту, цифрландыру, Жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шара жоспары, олимпиадаларға қатысу, PISA және ББЖМ тапсыру, педагогтардың біліктілігін арттыру, кадрлық саясат, қаржы мәселелері мен «Таза Қазақстан» тазалық іс-шарасын өткізу жайы қаралды.

2025 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл «Ұлттық жобалар» аясында жүзеге асырылатын 375 жоба шеңберінде 4 074 жұмыс орнын ашу көзделуде. «Еңбек» бағытындағы бос жұмыс орындары бойынша ашылатын 57 221 жұмыс орны мен 32 448 субсидияланған жұмыс орны бойынша да жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, облыста биыл 125 инвестициялық жоба негізінде 2004 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінде жаңа жұмыс орындарына жолданатын азаматтарды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өткізу үшін жеке инвесторлармен меморандумдар түзіліп жатыр. Бұдан бөлек, 2025 жылы 32 448 адамды уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау жоспарлануда.

Айта кетейік, облыста биыл бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен өндіріс орындарында ашық есік күндерін өткізу жоспарланған. Аталған жәрмеңкелерде 350-ге жуық жұмыс берушілерден 1500-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылуда. Бос жұмыс орындарының 57 пайызы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.

«Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында салалық басқармалар, аудандық және қалалық әкімдіктер мен техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстары жүзеге асырылмақ. Жалпы облыста 50 колледж жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі көпсалалы колледждер. Оның ішінде, ауылшаруашылық саласы мамандарын – 10, қызмет көрсету және туризм саласы мамандарын – 3, ал құрылыс саласы бойынша мамандарды – облыстағы 11 колледж даярлайды. Бүгінгі таңда 75 мамандық бойынша 45 студент білім алып жатыр. Сондай-ақ, 30 колледжде жұмысшы мамандар даярланады, студенттер саны 16 100-ді құрайды. 2024-2025 оқу жылында 15 525 мемлекеттік тапсырыс болса, оның ішінде 8 678-і – жұмысшы мамандықтар. Ал, 2025-2026 оқу жылына 15 500 мемлекеттік тапсырыс жоспарланған, оның ішінде жұмысшы мамандықтарының санын 9 500-ге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

Leave a reply