ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСКЕК ЕСУ СПОРТЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП, СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛУДА

Түркістан облысында спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Түркістан өңірі биыл облыс көлемінде бұқаралық спортты дамыту, спортшыларға заманауи жағдай жасау және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында соңғы жылдары спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше басымдық берілуде. Қазіргі таңда өңірде түрлі деңгейдегі 4 600-ден астам спорт нысаны халық игілігіне қызмет етіп жатыр.
Аймақта ірі спорт нысандарының бірі – «Turkistan Arena» стадионы 7 000 орынға есептеліп, халықаралық талаптарға сай бой көтерген. Бұл кешенде футбол матчтарымен қатар, жеңіл атлетика, бокс, гимнастика секілді түрлі спорт түрлерінен жарыстар тұрақты өтеді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстың шалғай елді мекендерінде де спорт инфрақұрылымдары салынуда. Сауран ауданы, Оранғай ауылында 1 800 м² болатын көпсалалы спорт кешені ашылып, жастардың күнделікті жаттығуларына жағдай жасалды. Ордабасы ауданында, Төрткөл мен Темірлан елді мекендерінде заманауи спорт кешендері бой көтеріп, күрес, футбол, волейбол, бокс және басқа спорт түрлері бойынша үйірмелер жұмысын бастады. Сарыағаш ауданы мен Кентау қаласындағы мектептерде жаңа спорт залдар мен жаттығу базалары салынуда.
Бүгінде Түркістан облысында спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындардың үлесі 39 пайызға жетті. Жыл сайын мыңнан астам спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, аймақ спортшылары республикалық және халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен, облыстық су спорт түрлері мектебінің спортшылары бір жылдың ішінде 493 медаль жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді.
Түркістан облысы заманауи спорт инфрақұрылымын дамыту арқылы өңір жастарының әлеуетін арттыруда және бұқаралық спортты дамытудың үлгілі үлгісін көрсетуде. Болашақта салынып жатқан халықаралық стандарттарға сай кешендер мен спорт арналар облысты Орта Азиядағы ірі спорт орталығына айналдыруға негіз болады. Айта кетейік, Түркістан облысында спорт қарқынды дамып келеді. Өңірде 29 олимпиадалық, 34 ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері дамып жатыр. Биыл Түркістан облысының спортшылары әлем чемпионаттарынан 106 медаль, Азия чемпионаттарынан 214 медаль жеңіп алды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 16 алтын, 10 күміс, 5 қола медаль олжалады.
Түркістан облысында жалпы 4458 спорт нысандары жұмыс жасайды. Аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес, республикалық және халықаралық жарыстарды сондай-ақ, бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін 7 мың орындық «Орталық стадион» құрылысы «Самұрұқ-Қазына» ҰӘА қоры АҚ-ы демеушілігімен салынып, сыйға тартылды.
Облыс орталығында бой көтерген тағы бір аса маңызды нысан бұл — «Бассейні бар спорт сарайы». Спорт кешені жүзу спортын дамытуға бағытталған. Бассейннің ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, тереңдігі — 2,5 метр. Ойын және жаттығу залдарымен жасақталған спорт сарайы Республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.