ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Биыл Түркістан облысына 196,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артық. Облыс экономикасына серпін беретін 110 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылған. 2025–2028 жылдар аралығында іске асырылатын бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Биылдың өзінде 322 млрд теңгеге 57 жоба жүзеге асып, 6908 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Индустриялық аймақтар мен шағын өндірістік парктер кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге әзір. Ордабасы ауданы, «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «KazKioti» ЖШС-нің базасында «Стекло Rez» ЖШС-нің шыны өңдеу және шыныны жоғары температурада шынықтыру жобасы жүзеге асты. Жобаның қуаттылығына келсек, айына 20 000 шаршы метр шыны өндіруге қауқарлы. Жалпы инвестициялық құны – 710 млн теңге. Жаңа өндіріс аймағында 2 ауысымда 10 адам жұмыспен қамтылады.
Бұл – Ордабасы ауданы үшін маңызды әрі инновациялық жобалардың бірі. Өнімнің жаңа түрін шығаруға бағытталған бұл өндіріс цехы Италияның заманауи технологиялық жабдықтарымен жабдықталған. Шикізат Ресей, Түрікменстан мемлекеттері мен Қызылорда қаласындағы «OrdaGlass» ЖШС табақ шыны зауытынан әкелінеді. Өнімдер жоғары температурада шынықтыру арқылы алынған шыны автокөліктерге, техникаларға, заманауи архитектуралық нысандардың фасадтық терезелері мен әртүрлі мақсаттағы дайын өнім түрлеріне қолданылады. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 44,4% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 540 млрд. теңгеге жетті. Өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 48,2% үлесін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 585,4 млрд. теңгені құрады. Былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 24 957 млн. теңгені құрайтын және 528 жұмыс орны ашылған 13 инвестициялық жоба іске асырылды.
Түркістан облысына жыл басынан бері 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе жоғары. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарланған. Индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парк те кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте инвесторлар мен кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмай отырған басшыларға тиісті сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату тапсырылды. Талқыланған жобалардың бірқатарына тоқталсақ, Сауран ауданында «Xingtai Tiancheng Textile Co., Ltd.» компаниясы мақта өсіру, жіп иіру және тоқыма өндіретін зауытын салу инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. 120 адам жұмыспен қамтылады. Ал Ордабасы ауданында майлы және желатинді компоненттерді алу үшін ірі қара мал сүйектерін қайта өңдеу зауыты салынады. Түркістан қаласында «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС-нің салқындатқыш жабдықтар шығаратын зауытының екінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Сонымен бірге еденге арналған жабын материалдарын шығару зауытының құрылысы, бір реттік ыдыс шығаратын зауыттың құрылысы, кептірілген жемістерді өндіретін зауыт пен өзге де жобалардың жай-күйі қаралды.
Түркістан облысында кәсіпорындар саны артып келеді. Өндірісті индустрияландыруда кәсіпорындарға жартылай және толық автоматтандырылған робототехникалар ендірілуде. Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде толық автоматтандырылған қыш зауытының құрылысы жүргізілуде.
Жобаны«КАРЬЕР ТАБЫС» ЖШС іске асыруда. Жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда, 60 жұмыс орнын ашылмақ. Кәсіпорынға жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жоспарлануда. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 85 000 текше метр саз топырақты өңдеп, күйген қыш өндіріуге жетеді. Өнідіріс орнында шетелдік заманауи технологиялар орнатылады. Сондай-ақ, еденге арналған жабын материалдарын, бір реттік ыдыс пен кептірілген жемістерді өндіретін зауыттардың құрылысы қаралуда. Жиһаз, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар қолданысқа берілді. Бұрын тек шетелден әкелінетін су үнемдеу технологиялары бүгінде Түркістанда шығарылуда. Өндірістік паркте ашылған компаниялардың су үнемдеу технологиялары еліміздің өзге өңірлеріне де сатылып жатыр.