ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
42
✔️Еңбек нарығын дамыту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторы. Түркістан облыстық Еңбек мобильділігі орталығы 2024 жылды жоғары нәтижемен аяқтап, 2025 жылға арналған стратегиялық жоспарды іске асыруға кірісті.
🔗 2024 жылы:
✅ Тұрақты жұмысқа орналасқандар: 51 951 адам
✅ Қоғамдық жұмысқа жолданғандар: 15 362 адам
✅ Әлеуметтік жұмыс орындары: 4 880 орын
✅ Күміс жас бағдарламасымен жұмысқа орналасқандар: 2 441 адам
✅ Алғашқы жұмыс орны арқылы жұмысқа кіргендер: 2 069 адам
✅ Жастар практикасы арқылы жұмыспен қамтылғандар: 8 636 жас
✅ Мүгедек азаматтарға арналған квота бойынша жұмысқа орналасқандар: 264 адам
✅ Мемлекеттік грант иегерлері: 1 779 адам
✅ Кәсіптік оқуға жолданғандар: 20 адам
✅ “Бастау бизнес” бағдарламасымен оқығандар: 5 364 адам
✅ Жаңа жұмыс орындары: 3 722 орын
✅ “10 000 тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны” бағдарламасы аясында: 25 116 жаңа жұмыс орны құрылды.
Одан бөлек, Халықаралық серіктестік аясында:
✔️Ұлыбритания, Қатар, Оңтүстік Корея елдерінде заңды түрде жұмысқа орналасуға көмектесетін Алдын ала даярлық орталығы іске қосылды. Қазіргі таңда тұрғындар бұл қызметті белсенді түрде пайдалануда. Өңіраралық ынтымақтастық және әлеуметтік серіктестік:
✔️Солтүстік Қазақстан облысының Қандастар мен қоныс аударушылар орталығының делегациясы Түркістанға арнайы сапармен келіп, тәжірибе алмасу шараларын өткізді.
✔️Орталық директоры Абзал Дәулетәліұлы жастар ресурстық орталықтарының директорларымен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту бағытында жаңа жобаларды қолға алды.
🔁2025 жылға арналған жоспар:
✔️57 221 азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру;
✔️11 052 жасқа еңбек тәжірибесінен өтуге мүмкіндік беру;
✔️22 595 жаңа жұмыс орнын ашу.
Тұрақты еңбек – тұрақты экономика кепілі!
Мемлекеттік саясаттың басым бағыты – әр азаматтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Leave a reply