ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

0
19
Түркістан облысында халықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамту шараларын күшейту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауына алынған. Облыс тұрғындарын сапалы жұмыс орындарымен қамту мақсатында 2025 жылғы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Аталған саладағы жұмыстар облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өтетін мәжілісте кеңінен талқыланды. 2024 жылы халықты жұмыспен қамту саласындағы атқарылған жұмыстар және биылғы міндеттер, жоспарлар сараланып, тиісті индикаторлар межеленді.
Мәжілісте Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мен «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесінің директоры Абзал Казанкаповтың есептері тыңдалды.
Түркістан өңірінде облыс әкімімен бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 2024 жылы 118 889 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл қорытындысымен 126 988 жұмыс орындары ашылды. Ұлттық жобалар аясында 3722 жұмыс орны ашылып, жоспар 101,4 %-ға орындалған. Бос жұмыс орындарына 51951 азамат жолданып, жоспар 120,1% орындалса, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес 25 116 жұмыс орны құрылған. 94 750 адамға (15 804 отбасыға) АӘК тағайындалып, төленді. АӘК алушылардың саны 62 996 адамға немесе 40%-ға төмендеді. 2024 жылы еңбекке қабілетті 23 806 АӘК алушының 19 285-і немесе 81% жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Leave a reply