ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

0
79

Сайрам ауданы аумағындағы тазалық жұмыстары тікелей аудан әкімінің бақылауында. Бұл бағытта аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Кездесудің күн тәртібінде аудан аумағында мемлекеттік қызмет көрсету барысы, ауыл округтеріндегі абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары, аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау жөніндегі конкурс өткізу мәселелері көтерілді.

Басқосу барысында аталған тиісті саланың бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды. Аудан басшысы Арман Сәбитұлы ауылдық округтер аумағындағы атқарылып жатқан тазалық жұмыстары туралы сын-ескертпелер айтты. Бұдан бөлек, конкурстың нәтижесінде бірқатар ауылдық округтерде (Ақсукент, Арыс, Ақбұлақ, Қарабұлақ, Қайнарбұлақ, Көлкент) «Көркем аймақ» ЖШС, 3 ауыл округінде (Жібек-Жолы, Манкент, Қарамұрт) «Манкент» ӨК және Қарасу ауылдық округінде «Қара-СУ-ВРМ» ЖШС жеңімпаз мекеме өкілдеріне коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдауды тиісті ауыл округі әкіммен келісе отырып, жүзе асыру қажеттігін айтты. Ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына кемшіліктерге жол бермей, нақты нәтиже шығаруды тапсырды. Сондай-ақ тапсырмалардың орындалу барысын ұдайы бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Осыған дейін облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» акциясы бір айлық немесе науқандық іс-шара емес. Бұл – өңір жұртшылығының өмір дағдысына айналуы керек деген болатын. Осыған байланысты облыс басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте осы мәселе қаралып, өңірдегі тазалық, абаттандыру жұмыстары барысы баяндалды. Сонымен бірге жазғы балалар лагерьлерінің дайындық барысы да пысықталды.

– Санитариялық тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүйеленгенше бұл мәселе күн тәртібінен түспейді. Зерделеңіздер, ұсыныстар беріңіздер. Өзі отырған мемлекеттік мекеме ғимаратын таза ұстай алмайтын басшылар ауылдағы тірлікті жандандыра ала ма? Жазда да тазалық жұмыстары тұрақты жалғасады, – деген Дархан Сатыбалды оқушылардың жазғы лагерьлерінің дайындығын тағы да тексеріп, талапқа сай етуді тапсырды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясының қорытындысына тағы бір тоқталды. Өңірде 5 апталықта абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілді. Бұдан бөлек, науқан аясында 1408 ауқымды іс-шара өтті.
Жалпы акцияға 74 мыңға жуық тұрғын, 2 мыңнан аса мемлекеттік орган, 3 мыңнан аса бизнес өкілі, 5 мыңнан аса ерікті, 1 мыңнан аса жас қатысып, 1669 техникалар сенбіліктерге тартылып, 4 мыңға жуық тонна қоқыс шығарылды. 691 шақырым республикалық жол, 3533 шақырым облыстық деңгейдегі жолдар тазаланды. 60 024 м2 аяқжолдар тазаланып, 1270 аялдама ретке келтірілді. 150 мың түп ағаш отырғызылып, 175 мыңға жуық ағаш әктелген. 346 саябақтар және скверлер, 302 мыңнан аса жеке үйлердің айналасы ретке келтірілді, 2156 әлеуметтік нысандардың айналасы тазаланды. 60 мың м2 немесе 360 шақырым су, өзен бойлары тазаланған.

Акция аясындағы атқарылған жұмыстар бұнымен аяқталмайды. Қазіргі таңға, қалалармен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және тазартудың жыл соңына дейінгі іс-шара жоспары бекітілді. Бұл іс-шарада әр ауданның климаттық ерекшілігі мен орналасуы ескерілген. Сонымен қатар санитарлық тазалау, жолды жайластырудың мазмұны, аялдамаларды ретке келтіру, жарықтандыру желілерінің тіректерін күтіп-ұстау, жолдарды ағымдағы жөндеу, абаттандыру және ойын алаңшаларының элементтерін жөндеу, жасыл желектерді күтіп-ұстау, контейнерлік алаңдарды жөндеу және күтіп ұстау, көгалдандыру, жарықтандыру желілерінің тіректерін күтіп ұстау жұмыстары атқарылмақ.

Аталған бағытта 984 іс-шара жоспары дайындалып, 266 жауапты тұлға бекітілген. Тазалық жұмыстарына жауапты мекемелерге жаңа техникалар сатып алу көзделген.

Leave a reply