Пятница, 13 июня

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

0
17

Түркістан облысы көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Бұл жобалар өңірдің транзиттік әлеуетін арттыру, көлік байланысын жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын көтеруге бағытталған. Облыстағы маңызды жол жобаларына ерекше назар аударылуда. Мәселен Сарыағаш қаласындағы айналма жолдың ұзындығы 102 км болатын айналма жолдың құрылысы жоспарланып, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласы айналма жолы: ұзындығы 30 км болатын шығыс айналма жолының құрылысы басталмақ. Шымкент қаласы айналма жолы: ұзындығы 48 км болатын айналма жолының құрылысы жоспарлануда.

Бұл жобалар өңірдің көлік инфрақұрылымын жетілдіріп, транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісі: Сарыағаш өткізу пунктінің жүктемесін азайту мақсатында жаңа теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарын байланыстырып, аудандардың экономикалық дамуына серпін береді.

Әуежай қазіргі уақытта 3 халықаралық және 5 ішкі бағыттар бойынша қызмет көрсетуде. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды. Әуежай аптасына 23 рейске қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, әуе жолдары арқылы жүк тасымалы да артқан. Мәселен, 2023 жылы бұл көрсеткіш 57 тонна болса, 2024 жылы 553,4 тонна жүк тасымалданған. «Қапланбек» және «Қазығұрт» кеден бекеттері: Бұл кеден бекеттеріне жаңғырту жұмыстары аяқталу сатысында. Кеден бекеттеріне кіреберіс жолдарды кеңейту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл шаралар көлік инфрақұрылымын дамытуға және транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған.

Түркістан облысы әкімдігі көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ерекше назар аударуда. Ал экономикалық даму бағытында бірқатар маңызы бар жобалар жүргізілуде. Түркістан облысы 2025 жылы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізіп, өңірдің тұрақты өсуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Өткен жылы облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 триллион теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 4 триллион теңгеден асуы жоспарланып отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 192,5 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында 82,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 2,9% деңгейінде болды. Сонымен қатар, облыс экономикасына 75,1 миллиард теңге инвестиция тартылып, инвестиция көлемі 53,8%-ға артты. Тұрғын үй саласында 2025 жылы 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 6 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерге ие болады. Жыл соңына дейін 855 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Энергетика және коммуналдық қызметтер саласында 47 ауыз су нысаны мен 41 елді мекенге электр энергиясы жеткізу жобалары іске асырылуда. 30 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау саласында Сарыағаш қаласында перинаталдық орталық, Түркістан қаласында ана мен бала орталығы салынып, медициналық қызметтер кеңейтілуде. Білім беру саласында 50 жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде, олар жақын арада пайдалануға беріледі.

Түркістан облысы 2025 жылы өнеркәсіп саласында оң нәтижелерге қол жеткізіп, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Өсім негізінен өңдеу өнеркәсібінен орындалды. Бұл салада 437,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінде жоспарланған 20 жоба толық іске қосылып, құны 30,2 миллиард теңге болатын жобалар арқылы 594 жұмыс орны ашылды. Инвестиция көлемі 972 миллиард теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда 26,1%-ға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада үшінші орынға шықты. Жалпы инвестицияның 66,8%-ын құрайтын жеке инвестициялар 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артып, 649,6 миллиард теңгеге жетті.

Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 407,5 миллиард теңгені құрады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 344,1 миллиард теңгеге жетіп, былтырмен салыстырғанда 6,1%-ға артты. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 4%-ға артып, 899 мың шаршы метр үй тапсырылды. Жеке меншік есебінен 621,8 мың шаршы метр үй пайдалануға берілсе, мемлекеттік меншік есебінен 277,1 мың шаршы метр тапсырылған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,2 триллион теңгеге жетіп, өңір республикада көш бастады. Ет, сүт және жұмыртқа өндіруде өсім бар. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етуге бағытында құны 17,1 миллиард теңге болатын 25 жоба жүзеге асырылды, 624 жұмыс орны құрылған.

 

Leave a reply