Четверг, 12 июня

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

0
20

Облыс әкімінің тапсырмасымен 2025 жылға аудан, қалалардың экономикалық даму өсімін қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленуде. Сонымен қатар берілген тапсырмаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша рейтингтік бағалау тұрақты жүргізіліп келеді. Өңір тұрғындарының назарына облыс аумағында орындалып жатқан жобалар туралы ақпарат ұсынамыз. Жалпы облысқа қарасты аудан, қалаларда әлеуметтік-экономикалық даму, инвестиция тартып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында түрлі жобалар орындалып келеді. Аталған жұмыстар аймақ басшысының жіті қадағалауында.

Апталық мәжілісте өңірде Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы аппарат басшысының орынбасары Әділ Бектұрғановтың баяндамасы тыңдалды. Облыс әкімі тарапынан жауапты басшыларға тиісті міндеттер жүктелді.

Осы тұста, Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ. Қуаттылығы жылына 2,0 млн. тоннаны құрайтын ірі жобаның инвестиция құны 130,0 млрд. теңге. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әкімшілік және зауыт алды аймағында жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтар орнатылуда. Бюджеттік қаражат есебінен барлық қажетті инфрақұрылым тартылған. 1,2 км автожол және 14 км теміржол төселіп, пайдалануға берілген.

 Жоспар бойынша маңызды инвестициялық жобаның II кезеңі 2026 жылдың соңына дейін толық аяқталады. Жаңа мұнай өңдеу зауытында жылына 377,8 мың тонна Еуро-5 бензині, 426 мың тонна Еуро-6 дизелі өндіріледі. Өңір экономикасын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі – инвестиция тарту. 2 жылда Түркістан облысының экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, өсімнің оң динамикасы қалыптасты. Жыл басынан 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Жобалардың жалпы құны – 2,3 трлн. теңге. 19 783 жұмыс орнын ашып, қосымша 84 млрд. теңге салық түсіру көзделген. Оның ішінде, биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сонымен, өңдеу өнеркәсібі өнімі нақты 585,4 млрд теңгені құрап, 13,1%-ға артқан. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 трлн, 83 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% деңгейінде қалыптасқан. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада көш басында тұр. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, 1,4 есе артығымен орындалды. Құрылыс жұмыстары көлемі 536,2 млрд теңгені құрап, 1,3 есеге артты. Межеге толығымен қол жеткізілген. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 44,4% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 540 млрд. теңгеге жетті. Өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 48,2% үлесін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 585,4 млрд. теңгені құрады. Былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 24 957 млн. теңгені құрайтын және 528 жұмыс орны ашылған 13 инвестициялық жоба іске асырылды. 2024 жылы Түркістан облысының жалпы өңірлік өнімінің көлемі алдын ала есеп бойынша 4 трлн. теңгеден асты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 111 %-ды құрады. Оның ішінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 214,0 млрд. теңгені құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі – 110,1%.

Атап айтсақ, «Ideal Turkistan» ЖШС-нің жиһаз фабрикасы (25 жұмыс орны), «AsiaBrand» ЖК-нің жиһаз фабрикасы (25 жұмыс орны), «Қарқын-2030» ЖШС-нің «Ет өнімдерін қайта өңдеу» жобасы (30 жұмыс орны), «СП ТУРАН-МЕБЕЛЬ» ЖШС-нің жиһаз фабрикасы (40 жұмыс орны), «Қазақстан Нұр 001» ЖШС-нің шұлық өндірісі (30 жұмыс орны), «GRAND STROY KAZ» ЖШС-нің «Темірбетон бұйымдарын өндіру» жобасы (30 жұмыс орны), «Akniet Holding» жиһаз фабрикасы (80 жұмыс орны), «BNK Group Ltd» ЖШС-нің «Жаңбырлатып суғару құрылғыларын өндіру» жобасы (20 жұмыс орны), «Бөрте Милка» «Сүт өңдеу зауытын кеңейту» жобасы (18 жұмыс орны) ашылды. Сонымен бірге «JNRAY Group» ЖШС-нің тігін фабрикасы (50 жұмыс орны), «KazPlast» ЖШС-нің тігін фабрикасы (150 жұмыс орны), «BASPOLYMER» ЖШС-нің «Полимерлі құбырларды, пластмассадан жасалған бұйымдарды, тамшы таспаларды шығару бойынша ірі-тораптық зауыт салу» жобасы 15 жұмыс орны, «CaPable Group» МҚБ» «Қолданыстағы қуатты кеңейту. Итальяндық технология бойынша жөргектердің жаңа түрін өндіру жобасы іске қосылған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс екендігін атап өткені белгілі. Осы орайда облыста қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. 5 жылда олардың саны 184 мыңға жетті.Кәсіпкерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы (48,3%), сауда (23,3%), туризм және қызмет көрсету (20,3%) және өнеркәсіп (6%) саласында. 5 жылда шығарылған өнім 11 есеге дейін өсіп, 1 трлн теңгеден асты (2018 ж. 130,9 млрд теңге). «Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бизнес субъектілері 46 млрд теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Өз ісін бастауға ынталы азаматтарға «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы өткен жылы 22 336 қызмет түрлері тегін көрсетілген.

Leave a reply