ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ 10 КҮН БОЙЫ АТАП ӨТІЛЕДІ
Түркістанның рухани-мәдени елорда мәртебесін көтеру мақсатында белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл мақсатта алда келе жатқан ұлттық мейрам – Наурыз мерекесі облыста 10 күн бойы атап өтіледі. Бастама облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен жүзеге асады. 10 күн бойы әр атаулы күнге жеке-дара үлкен мән беріліп, «Тазалық күні», «Мейірімділік күні», «Балалар күні» секілді ерекше форматта өткізілмек.
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев мәлімдеді. Сондай-ақ брифингке облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербұлан Жәнібеков қатысты.
Аңсар Жаңабайұлының мәлімдеуінше, биыл Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы атап өтілмек. Мереке шеңберінде сенбілік, түрлі челленждер, жүгіру марафоны, концерттік бағдарламалар, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмелері, түрлі байқаулар мен конкурстар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, қайырымдылық акцияларын өткізу жоспарланып отыр.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы өңірімізге жасаған арнайы сапары аясында Түркістан қаласына рухани елорда мәртебесін беру туралы бастама көтерді. Бұл орайда, облыс орталығында, аудан, қалаларда Наурыз мерекесінің мән-маңызын арттыратын, ел ішінде бірлік, ынтымақты насихаттайтын ауқымды іс-шаралар өтеді. Өткізілетін барлық іс-шаралар Президент Жолдаулары, әлеуметтік бастамалары мен маңызды мақалаларының және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттардың басымдықтарына сәйкес іске асады», – деді Аңсар Өсербаев.
Брифингте сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев биыл Наурыз мерекесі облыс аумағында 11 наурыз күні «Наурыз – тазалықтың айнасы» атты сенбілікпен бастау алып, 23 наурыз күні «Наурыз – мейірімділік мерекесі» атты қайырымдылық шарасымен жалғасатынын атап өтті.
«Мереке қарсаңында «Наурыз – жақсылықтың жаршысы» атауымен облыстық челленж ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жарияланады. 14 наурыз күні сағат 08.00-де «Наурыз – саулықтың кепілі» атты мерекелік жалпыұлттық жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Ал 17 наурыз күні «Наурыз – жаңару айы» атты барлық мектептерде, мектептен тыс мекемелерде концерттік бағдарламалар, сәндік-қолданбалы көрмелер, жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету шаралары ұйымдастырылады. Осы күні балалар тасымалын жасайтын 71 дана автобус салтанатты түрде өңірдегі білім беру мекемелеріне табысталатын болады. Сондай-ақ, 20 наурыз күні «Керуен сарай» кешенінде «Наурыз – жәрмеңке» атты I Халықаралық «Kazagro/kazfood» Turkistan сауда жәрмеңкесінің ашылуы өтеді», – деді Әзімхан Қойлыбаев.
Айта кетсек, өңірдегі мерекелік іс-шаралар ақсақалдар мен ардагерлердің, аға буынның ізгі тілектері, бата беруі – «Наурыз бата» дәстүрімен қорытындыланады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
********
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НАУРЫЗ БУДУТ ОТМЕЧАТЬ 10 ДНЕЙ
Работа по повышению статуса духовной и культурной столицы – города Туркестан ведется активно. С этой целью в течение 10 дней в регионе будет отмечаться предстоящий национальный праздник – праздник Наурыз. Инициатива реализуется при поддержке акима области Дархана Сатыбалды. В течение 10 дней каждому особому дню будет придаваться большое значение, и он будет проходить в особом формате, таким как «День чистоты», «День добра», «День защиты детей».
Об этом сегодня на брифинге сообщил начальник управления общественного развития Туркестанской области Ансар Усербаев. В брифинге также приняли участие начальник областного управления культуры Азимхан Койлыбаев, заместитель начальника областного управления сельского хозяйства Ербулан Жанибеков.
По словам Ансара Жанабайулы, в этом году в Туркестанской области праздник Наурыз будет отмечаться 10 дней. В рамках праздника планируется проведение различных челленджей, бегового марафона, концертных программ, выставок национальной кухни и рукоделия, различных конкурсов и состязаний, соревнований по национальным видам спорта, благотворительных акций.
«Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил с инициативой предоставления статуса духовной столицы городу Туркестан в рамках своего специального визита в нашу область в прошлом году. По этому поводу в областном центре, районах и городах пройдут масштабные мероприятия, которые повысят значимость праздника Наурыз, будут способствовать единству и сплоченности в стране. «Все мероприятия будут проводиться в соответствии с приоритетами Посланий Президента, социальных инициатив и важных статей и других государственных программных документов», – сказал Ансар Усербаев.
Выступивший на брифинге начальник областного управления культуры Азимхан Койлыбаев отметил, что в этом году праздник Наурыз в области начнется 11 марта с субботника «Наурыз – тазалықтың айнасы» и закончится 23 марта благотворительной акцией «Наурыз – мейірімділік мерекесі».
«Накануне праздника будет организован региональный челлендж «Наурыз – жақсылықтың жаршысы», который будет опубликован в социальных сетях. 14 марта в 08:00 состоится праздничный общенациональный беговой марафон «Наурыз – саулықтың кепілі». А 17 марта во всех школах и внешкольных учреждениях под названием «Наурыз – жаңару айы» будут организованы концертные программы, выставки декоративно-прикладного искусства, мероприятия поддержки детей из малообеспеченных семей и детей с ограниченными возможностями здоровья. В этот день образовательным учреждениям области будет торжественно передан 71 автобус для перевозки детей. Также 20 марта в комплексе «Караван Сарай» состоится открытие 1-й Международной Туркестанской торговой ярмарки «Казагро/kazfood» «Наурыз-ярмарка», — рассказал Азимхан Койлыбаев.
Следует отметить, что праздничные мероприятия в области завершатся традицией «Наурыз бата» – наилучшими пожеланиями и благословениями старейшин и ветеранов.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области