ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПАРАКАНОЭ СПОРТЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Биыл өңірде су спортынан бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастырылып, оған спортсүйер жастар қатысып жүр. Бұл туралы өңір тұрғындарының назарына мәлімет ұсынамыз. Түркістан қаласында жаңа ескек есу арнасында параканоэда есуден (тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамдарға арналған ескек есу түрі) Қазақстан Республикасының ашық кубогы басталып, оған көршілес елдерден жиналған спортшылар қатысты. Параканоэ спорты Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Бәсекеге еліміздің 5 өңірімен қатар көршілес Өзбекстаннан келген 100-ден аса спортшы қатысып, бақ сынауда. Алғашқы күнгі жарыс жолына шыққан спортшылар арасында Түркістан облысының атлеттері мәре сызығын бірінші кесіп, өздерінің мықтылықтарын көрсетуде.
Түркістан қаласында спорт кешендері бар есу каналы обьектісінің құрылысы 3-кезеңге жоспарланған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 1-кезеңі аяқталып, Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне берілген. Бүгінде параканоэ спорты Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиадалық Комитетінің спорт түрлерінің тізіміне еңгізілген және Астана, Шымкент, Теміртау, Қарағанды, Түркістан облыстарында дамытылады.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығы Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартқа сай ескек есу каналының құрылысы аяқталғаннан кейін Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанынан SUP серфинг спорт бөлімін ашып, спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындауды жоспарлауда.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығының бастамасымен, Халықаралық байдарка және каноэ федерациясының (ICF) қолдауымен Сесилия Фариас жарыс барысында континенттік төрешілер үшін теориялық және практикалық семинар өткізеді. Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға ұлттық және халықаралық спорттық төреші санаты беріледі. Төрешілер семинарына Қазақстан, Монғолия және Үндістанның өкілдері қатысады.
Жарыстың салтанатты ашылуында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдос Қалтаев пен Халықаралық байдарка және каноэда есу федерациясының (ICF) вице-президенті, спорттық басқару профессоры Сесилия Фариас құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушы спортшыларды құттықтады.
Түркістандық параканоэшылар еліміздің ұлттық құрамасының негізгі құрамын құрайды. Өңіріміздің параатлеттері 8 жыл ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ: Жалғас Тайкен, Бибарыс Спатай, Жаныл Балтабаева сынды дарынды өрендер Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғады. Түркістанда олимпиадалық стандартқа сай жаңа ескек есу арнасында параканоэда есуден (тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамдарға арналған ескек есу түрі) Қазақстан Республикасының ашық кубогын сарапқа салған жарыс аяқталды.
Жарысты ҚР Туризм және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығы, Облыстық су спорт түрлері мектебі өткізуде. Түркістан – Қазақстандағы параканоэ спортын дамытқан алғашқы өңір. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығының төрағасы Денис Жәрменовтың бастамасымен 2017 жылы алғаш рет параканоэ спорты Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қолға алынып, дпмытыла бастады.
Спорттық бәсекенің жабылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, сайыс қорытындысында жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды құттықтады. Сондай-ақ аталған жарысқа Халықаралық байдарка және каноэда есу федерациясының (ICF) вице-президенті, спорттық басқару профессоры Сесилия Фариас арнайы келді. 10 түрлі бағдарлама бойынша өткен жарысқа көршілес Өзбекстан елімен бірге Астана, Шымкент қалаласының және Қарағанды мен Түркістан облысының параканоэшілері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы бәсекенің нәтижесінде Қазақ елінің спортшылары 6 алтын, 3 күміс, 3 қола жүле еншіледі. Оның ішінде Түркістан облысының құрамасы 3 алтын, 1 күміс медальді иеленді. Атап айтсақ, Жалғас Тайкен, Бибарыс Спатай, Жаныл Балтабаева сынды дарынды өрендер чемпион атанып, ел намысын абыроймен қорғады. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары ескек есу каналына аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 1-кезеңі аяқталып, Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне берілген. Нысан құрылысы жалпы ІІІ кезеңге жоспарланған. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. Халықаралық дәрежедегі ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектарға жуық алаңда орналасқан.
Айта кетейік, Сесилия Фариас Түркістан облысында су спортын дамыту бойынша төрешілерге арналған теориялық-практикалық семинар өткізді Параканоэ спорты Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Қазақстан мен Өзбекстанның спортшылары 200 метр қашықтыққа жарысады. Бәсекеге еліміздің 5 өңірімен қатар көршілес Өзбекстаннан келген 100-ден аса спортшы қатысып, бақ сынауда. Алғашқы күнгі жарыс жолына шыққан спортшылар арасында Түркістан облысының атлеттері мәре сызығын бірінші кесіп, өздерінің мықтылықтарын көрсетуде.