ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 27 ПАЙЫЗЫ ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

0
111

Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 919 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Өңірде 1 млн 163 мың 863 сайлаушы саяси науқанға қатысып, өз таңдайын жасайды деп жоспарланып отыр.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазірге дейін сайлаушылардың 27 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген.

 

Айта кетейік, облыста 6 355 сайлау комиссиясы мүшесі бар. Оның 6 229-ы учаскелік болса, қалған 129-ы аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері. Бұдан бөлек, 2 ұзақ және 12 қысқа мерзімдік шетелдік бақылаушы сайлау учаскелерін аралап, сайлау барысын бақылап жүр.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave a reply