Суббота, 14 июня

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

0
16

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып, өңір тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, дәрігерлермен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу — басты басымдықтардың бірі.

Облыс аумағында қазіргі таңда 24 564 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 5 447 дәрігер және 19 117 орта медициналық қызметкер бар.
Дегенмен, 282 бейінді дәрігерге тапшылық бар. Бұл мәселені шешу үшін медициналық мамандарды тарту және қайта даярлау шаралары жүргізілуде. Медициналық инфрақұрылымды дамыту бойынша өткен жылы өңірде 58 алғашқы медициналық көмек көрсететін нысан орнына 25 жаңа нысанның құрылысы басталып кетті. Атап айтсақ, 20 дәрігерлік амбулаторияғ 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт.

Қазіргі таңда 30 нысанның құрылысы басталып, 13 нысан бойынша конкурс аяқталу үстінде. Барлық мекемелер инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі. Цифрландыру және жабдықтау жұмыстары бойынша облыстағы медициналық мекемелердің 73%-ы медициналық ақпараттық жүйеге қосылған. Сонымен қатар 400 мың тұрғын электронды денсаулық паспортын пайдаланады. Медициналық жабдықтармен қамту деңгейі — 85,22%. 2025 жылға арналған құрал-жабдық сатып алуға 10,3 млрд теңге қарастырылған. Сапалы медициналық көмек көрсету жұмыстары ауылдық өңірлерде де жалғасады. Сонымен, шалғайдағы елді мекендер үшін 13 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді, бұл тұрғындарға жергілікті жерде медициналық қызметті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Бұл салада біліктілікті арттыру өте үлкен маңызға ие. Соңғы жылдары 3 000-нан астам дәрігер шетелдік жетекші клиникаларда білім алып, тәжірибе жинақтады. Бұл өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға зор үлес қосуда.

Отырыста тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде облыстың практикалық денсаулық сақтау саласына жаңа технологиялар мен медициналық қызметтер, халық денсаулығының индексін ұлғайта отырып, профилактикалық медицина мен ерте диагностиканы дамыту және маңызды көрсеткіштерді жақсарту, Денсаулық сақтау басқармасының инновациялық медициналық жүйесін құруға қол жеткізуге болатыны жайлы айтылды. Айта кетейік, Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша кешенді іс-шаралар атқарылуда. Медициналық инфрақұрылым, заманауи технологиялар мен адами капиталдың үйлесімді дамуы өңір халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған.

2025 жылға дейін облыста 10 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынбақ, оның ішінде облыстық көпбейінді аурухана, симуляциялық орталық, ана мен бала орталығы, жедел жәрдем станциясы және стоматологиялық емхана бар. Бұл жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында жүзеге асырылуда.  «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша облыста 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Бұл нысандардың құрылысы жергілікті өндірушілердің материалдары мен жабдықтарын пайдалану арқылы жүзеге асырылуда.

2023 жылы облыста 40 дәрігер Ресейде, 234 орта буын медицина қызметкері Астана қаласындағы ҚР Іс басқармасы медициналық ауруханасында біліктілігін арттырды. Бұл шаралар өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Түркістан облысында туберкулезден негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер 2022 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға төмендеген. Аурудың таралуы бойынша да көрсеткіш өткен жылға қарағанда 18,9%-ға азайған. Бұл нәтижелер флюорографиялық тексерулер мен емдеу шараларының тиімділігін көрсетеді. 2023 жылдың жартыжылдығында Түркістан облысында нәрестелер мен балалар өлімінің көрсеткіштері төмендеген. Мысалы, неонаталдық өлім 4%, нәресте өлімі 7,2%, балалар өлімі 9,4% құраған. Бұл көрсеткіштер медициналық қызметтердің жақсарғанын және профилактикалық шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Өңір тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар а  ймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланып жүр. Ол осыған дейін медициналық мекемелерге тіркеу мәселесін ретке келтіруді және тұрғындарға тегін медициналық көмек түрлері туралы ақпаратты жеткізуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, талаптар жауапты мамандар тарапынан жүйелі жолға қойылған. Бүгінде денсаулық саласына қатысты өңірде оң өзгерістер байқалады.

Жалпы бүгінде  Түркістан облысы шетелдік жетекші медициналық клиникалармен серіктестікті нығайту бағытында жұмыстар жүргізуде. Бұл халықаралық тәжірибені меңгеру, жаңа технологияларды енгізу және мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

Leave a reply