ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ҚОЛЖЕТІМДІ ИНТЕРНЕТ” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

0
32

Әлемдегі дамыған елдердегідей нәтижелерге жету үшін цифрландыру, айти бағдарламалар, озық технологиялармен дер кезінде танысып, оларды игеру, өз елімізде өндіріске енгізу, білім-ғылым саласының жетістіктерін меңгеріп, нақты іске пайдалану керек. Бұларды жүзеге асыру үшін интернет жүйесі сапалы жұмыс істеуге тиісті. Сондықтан да елімізде интернет жүйесінің сапасын арттыру бойынша арнаулы бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Бүгінде қалалармен қоса шалғай ауылды аймақтарға да біртіндеп интернет жүйесі қосылуда.

ІТ саласын дамыту, жолдардың бойында интернет байланысын күшейту, ауылдарда байланыс сапасын жақсарту жұмыстарын күшейту, байланыс операторларының жауапкершілігін көтеру, солармен бірлесе жұмыс істеу, инвестиция тарту мәселелері туралы айта келіп облыс әкімі Дархан Сатыбалды:
– Цифрландыру – заманауи әрі жастарды қызықтыратын сала. Жаңа идеялар ойлаңыздар. Түркістанды ІТ саласы дамыған орталыққа айналдыруымыз керек. Жуырда Татарстанға барып, сол жақтағы ІТ саласындағы жұмыстармен таныстым. Онда арнайы мектептер ашылып, жұмыс істеп жатыр. Түлектерінің 100 пайызы жұмыспен қамтылып жатыр екен. Осы бағытта келіссөз жүргізіп, халық тығыз орналасқан аудандарда ІТ мамандарын даярлайтын орталықтар, мектептер ашуымыз керек, — деген болатын.

Түркістан облысының мобильдік интернет желісімен қамтылу деңгейі халық санына шаққанда 92,2% құрайды және ауылдық елді мекен санымен есептегенде 83% құрайды. 139 АЕМ-нің 100-і 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған. Жол картасы аясында халық саны 250-ден жоғары 81 елді мекеннің 50-ін 2024-2025 жылдары интернет желісімен қамту жоспарлануда.
Сондай-ақ, облыс аумағына тиесілі 650 шақырым республикалық және негізгі облыстық жолдарды толығымен мобильді интернет желісімен қамту мақсатында қосымша 14 базалық станция орнату үшін «Кселл» АҚ-мен келісім-шарт жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, өңірдегі Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласының әуежайы және «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарында 5G мобильді интернеті іске қосылған. Сонымен қатар, Түркістан облысына қарасты 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысының бекітілген ауылдық елді мекендерін мобильді интернет желісімен қамту жол картасы негізінде биыл байланыс операторлары (Кселл, Билайн) өз қаражаты есебінен 106 базалық станция орнатуды жоспарлап, қазіргі таңда жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өңірдегі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, мемлекеттік қызметтер көрсету, білім беру және бюасқа да барлық салаларды бүгінгі таңда интернеттік байланыссыз елестету қиын. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыстардың жоспарға сай әрі сапалы іске асырылуы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына да зор ықпал етеді.

Аймақта осы бағыттағы жұмыстарды, оның ішінде «Қолжетімді ғаламтор» жобасын жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков:
«Түркістан облысы аумағындағы 829 ауылдық елді мекеннің 690-ында 4G және 3G мобильді интернет желісі бар. Қалған 139 елді мекеннің 100-і 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған. Ал 39 елді мекенде ұялы байланыс мүлдем жоқ. Қазіргі уақытта орталық атқарушы органдармен «Қолжетімді ғаламтор» ұлттық жобасы аясында елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту жүргізілуде.

Leave a reply