Четверг, 12 июня

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ТҮРЛІ САЙЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ

0
17

Түркістан облысында дене шынықтыру және спортты дамыту — халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі. Облыс әкімдігі бұл бағытта спорт инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық және кәсіби спорт түрлерін қолдауға күш салып келеді. Спорт саласы өзекті мәселелер қатарынан түскен емес. Сондықтан өңір тұрғындарының назарына қызықты ақпараттар ұсынамыз.

Жалпы облыста жүздеген спорт кешендері, мектептер, стадиондар және жаттығу залдары қарастырылған. Сонымен қатар ауылдық жерлерде де спорт алаңдары салынып жатыр. Спорт мектептері мен олимпиадалық резервтер орталықтары жұмыс істейді. Қазақ халқының көне замандардан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бірі көкпар халық арасында үлкен құрметке ие болғаны соншалықты жыл сайын ресми жарыстардан өзге ұйымдар, жекелеген азаматтардың ұйымдастыруларымен де ойындар өткізіліп келеді. Бүгінде Түркістан облысында ұлттық спорт түрлерін насихаттайтын арнайы спорт мектептері мен секциялар жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қазақ күресі мен көкпардан Түркістандық спортшылар республикалық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Атап айтқанда тоғызқұмалақ мектеп бағдарламасына да енгізіліп, балалар арасында кеңінен дамып келеді. Сондай-ақ, облыс аумағында 4643 спорт нысаны тіркелген, оның ішінде 21 стадион, 1 спорт сарайы, 2 оқу-жаттығу орталығы, 41 спорт кешені, 103 спорт манежі, 22 жүзу бассейні, 998 спорт залы және 3256 ашық алаң бар. Бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының 39%-ын қамтуға мүмкіндік береді .

Осыған байланысты, Түркістан қаласында 15 мың шаршы метр аумақты қамтитын заманауи спорт кешені ашылды. Бұл кешенде 1000 көрерменге арналған әмбебап спорт залы, 50 метрлік ашық бассейн, күрес, бокс, үстел теннисі, йога және хореография залдары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қонақ үй мен медициналық орталық бар . Түркістан облысында ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Облыста ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аймақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтап, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мақсатында биыл бірқатар ауқымды спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Ұлттық спортты дамыту бағытында өңір көлемінде биыл Түркістан облысында көкпардан республикалық ашық турнир өтті. Турнир Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ат спорты ардагері Әбілхан Дауылбаевтың 75 жылдығына арналды. Бұл додаға Түркістан, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан үздік командалар қатысып, ұлттық ат спортының мәртебесін көтерді.

Сонымен қатар Наурыз мейрамы мен Ұлттық спорт күніне орай аударыспақ, жамбы ату, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу сияқты ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларға 300-ден астам спортшы мен тұрғындар қатысып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті. Бұдан бөлек, облыста ұлттық спорт түрлерін үйрететін арнайы мектептер мен үйірмелер саны артуда. Жасөспірімдер мен жастар арасында тоғызқұмалақ пен қазақ күресіне қатысушылар саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұл көрсеткіш Түркістан облысында ұлттық спорттың бұқаралық сипат алып келе жатқанын білдіреді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы жартысында 200-ден астам ұлттық спорттық іс-шара өткізіліп, 50 мыңға жуық адам қамтылды. Ұлттық мұраны дәріптеу мен жас ұрпаққа насихаттау бағытында Түркістан облысы алдағы уақытта да түрлі деңгейдегі жарыстар мен фестивальдерді өткізуді жоспарлап отыр.

Осы тұста Сарыағаш ауданына қарасты Қызылжар атшабарында ұлттық спортты ұлықтау мақсатында 2001 жылғы ауыл жастарының демеушілігімен ат спортының жаппай көкпар түрінен жастар арасында ұлттық ойын болып өтті. Көкпарға 150-ге жуық шабандоз қатысып,шеберліктерін көрсетті. Ұлттық ойынды ұйымдастырудағы басты мақсат – бағзы заманнан бері бабамыздан баламызға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды жастар арасында кеңінен насихаттау, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген жастардың сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылып отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста жалпы 3 814 спорт нысаны тіркелген, оның ішінде 2 673 спорт нысаны білім беру мекемелерінде орналасқан. Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 38,4% құрайды, бұл жоспардың толық орындалғанын білдіреді. Ауылдық жерлерде спорт нысандарының саны 3 056-ға жетіп, жалпы спорт нысандарының 80%-ын құрайды. Қалалық жерлерде болса, 758 спорт нысаны бар.

Облыста жаңа спорт кешендері мен ғимараттардың құрылысы жалғасуда. Мысалы, Түркістан қаласында 15 мың шаршы метр аумақты қамтитын заманауи спорт кешені ашылып, онда жүзу бассейні, күрес, бокс, үстел теннисі, йога залдары және басқа да спорттық нысандар бар. Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы алдағы уақытта да спорт инфрақұрылымын жетілдіруге және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

 

Leave a reply