ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл облыс аумағында 172 нысанның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 127 нысанның құрылысы өткен жылы басталса, 45-і – жаңа нысандар. Өңір тұрғындарының назарына облыста құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілген нысандар туралы мәлімет ұсынамыз.
Биыл 103 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда, облыс бойынша 1 әкімшілік ғимарат, 4 білім беру нысаны, 16 «Жайлы мектеп», 1 денсаулық сақтау және 1 әлеуметтік қолдау нысаны, 27 тұрғын үй, 26 инженерлік инфрақұрылым, 6 мәдениет және 16 спорт нысандары, 2 ауыл шаруашылығы нысаны пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Парасат» паркіне реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, «Тұран» арнайы экономикалық аймағына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартылады.
Ал 69 нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі. Жобаларды жүзеге асыру барысында 1 163 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде, 139 – тұрақты, 1 024-і – уақытша.
Өңірде бой көтеріп жатқан ғимараттардың құрылыс сапасы тікелей аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауында тұр. Түркістан облысы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар салып, пайдалануға тапсырудан республикада көш бастап келеді. Әрбір аудан, қаланың елді мекендерінің жай-күйі сарапталып, тиісті құрылыс жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Өңірде 21 білім нысанының құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі тапсырылған. Жыл соңына дейін 10 білім нысаны тапсырылады, 7-еуі келесі жылға өтпелі.Денсаулық сақтау нысанында 94 нысанның құрылысы жоспарланса, оның 3-еуі тапсырылған, жыл соңына дейін тағы 90-нын тапсыру көзделген. Бұл ретте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жоба жүзеге асуда. Облыста 3 әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталса, жыл соңына дейін үшеуі ел игілігіне берілмек. Сонымен бірге құрылысы жүріп жатқан 12 мәдениет нысанының 4-еуі биыл ашылса, 23 спорт нысанының 3-еуі берілген. Жыл соңына дейін 10 спорт нысаны беріледі.Тұрғын үй, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары да қарқынды. Аймақта 221 үй, 2469 пәтердің құрылысы жүріп жатыр.
Биыл 5 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі – Түркістан облысы Түркістан облысында 2025 жылы 172 нысанның құрылысын іске асыруға жалпы бюджеттен 131,9 млрд теңге қаржы қаралған. Аталған жобалардың 127-сі 2024 жылдан өтпелі болса, 45-і жаңа нысандар. Нақтырақ айтсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 16 жаңа білім ордасының құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, қолданысқа беруді көздеп отырмыз. Сондай-ақ, 1 әкімшілік ғимаратының құрылысы, 1 денсаулық сақтау саласына, 27 нысан тұрғын үй, 6 нысан – мәдениет саласына тиесілі нысан пайдалуға берілмек. Биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарының 69-ы 2026 жылға өтпелі. Жыл соңына дейін 4731 пәтер ел игілігіне беріледі. Оның ішінде, 2593 пәтер — сатып алынса, 2138-і — ниеселік пәтер, — деді басқарма басшысы.Басқарма басшысының сөзінше, облыс көлемінде 2024 жылы 348 нысан құрылысына 251,1 млрд теңге қаралған. Оның ішінде, 193 нысан 2023 жылдан өтпелі болса, 155-і жаңа нысандардың құрылысы болған. Жыл қорытындысымен 226 құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілген. Сондай-ақ, өткен жылы аудан және қала әкімдіктері тарапынан 245 үйде 2590 пәтер сатып алынған. Жалпы, 2024 жылы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 4226 жаңа жұмыс орындары ашылса, биыл тағы да 1163 азаматқа қызмет орындарын ұсыну көзделіп отыр.
Биыл Түркістан облысының құрылыс басқармасы әкімшісі болып табылатын ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 129,9 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында тұр. Жыл қорытындысымен 418 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған 67 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Атап айтқанда, білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылына Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Отырар және Төлеби аудандарында 2 мектеп, жалпы 4 білім беру ұясы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 10 нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қалған 7 нысан құрылысы 2025 жылы аяқталады.
Сонымен қатар 94 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджет есебінен құрылысы жүргізілген 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұл нысандар Сарыағаш ауданында орналасқан. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Барлық нысандарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жобалардың жалпы құны – 11,1 млрд теңге. Аталған пилоттық жоба аясында іске асырылатын жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 42 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ аймақта 23 спорт нысанының құрылысы қолға алынып, оның 3-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 11 жобаны аяқтау жоспарланған. Қалған 9 нысан келесі жылы пайдалануға тапсырылады. Ауыл шаруашылығы саласында 8 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда Кентау қаласында Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жұмыстары аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 1 нысан пайдалануға берілсе («Кеңсай-Қосқорған–2» су қоймасы 2-кезек), қалған 6 нысан 2025 жылға өтпелі.