ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 545 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
Түркістан облысындағы аудан, қалаларда наурыз айынан бері жалпы 300-ден астам ауқымды тазалық іс-шаралары өткізілген. Өткен аптаның ішінде өңірдегі барлық аудандардағы 32 елді мекенде ауқымды сенбіліктер өткізілген. Оған 4 мыңнан астам тұрғын мен қоғамдық жұмысшылар тартылды. Бір аптада 85 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар «Конституция күні» мерекесіне орай облыс көлемінде ұйымдастырылған ауқымды сенбілік жұмыстарына 10 000-нан астам тұрғын қатысты. 136 техника тартылып, 460 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сондай-ақ Сарыағаш аудандағы «Жібек жолы» кеден бекеті маңындағы тазалық шаралары жалғасады. Жалпыреспубликалық тазалық шарасының кезекті апталығында 13 мыңнан астам түркістандық тазалық жұмыстарына атсалысып, 545 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Қураған ағаштар қырқылып, саябақтар мен жол бойы, тұрғын үйлер төңірегі тазартылды.
Жаңадан іске қосылған «Taza Qazaqstan» қосымшасы пилоттық режимде сәтті іске асырылуда. Осы уақыт ішінде келіп түскен 333 өтінімнің басым бөлігі орындалған. Тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болған экологиялық шара аясында жеке үйлердің сыртын ретке келтіруге де мән берілген. Ел көлемінде өтіп жатқан жаппай тазалық шаралары игі үрдіске айналып, әрі қарай да жүйелі түрде жалғаса береді.