Вторник, 17 сентября

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА UNICEF ҰЙЫМЫМЕН БІРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0
21

2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап UNICEF ұйымы әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) жұмыстары басталады. Зерттеу жұмыстары Түркістан облысы бойынша – 824, ал ел бойынша 24 мың үйді қамтиды. Бұл туралы өткен брифингте Ұлттық статистика бюросының облыстық департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов баяндады.

«Зерттеу жұмыстары Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) және Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі. 1996 жылдан бері 118 елде аталған зерттеу жүргізілген. Қазақстанда бұл жұмыстар төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген. Зерттеудің негізгі мақсаты – балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қажетті негізгі көрсеткіштерді жинау. Сауалнама жұмыстарына қатысу әрбір тұрғынның өз еркінде. Аталған зерттеу қорытындысы бойынша есеп Ұлттық статистика бюросының және UNICEF сайтында жарияланады»-деп мәлімдеді спикер.

Leave a reply