ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАН ӘКІМДЕРІ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДАҒЫ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

0
99
Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған, құрамында «Түркістан» ИТЭДАА» ЖШС, Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары және Кентау қаласының әкімдері, өңірдің бизнес өкілдерінен құралған делегациясы ҚХР-дағы өндірістік Линцинь қаласындағы ірі кәсіпорындармен танысумен бастады.
Екінші күні делегация бұрғылау машиналарына және магнитті крандарға қажетті жабдықтар шығарумен айналысатын Қытайдағы ең ірі кәсіпорынның бірі – «Shandong Band Hongzhongchuang Intlligence Equipment Co., Ltd» компаниясының жұмысымен танысып, кәсіпорынның көпжылдық тәжірибиесі негізінде өндірісті Түркістан облысында бірлесіп дамыту жолдарын талқылады.
Кездесуде «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясының басшылығына, Түркістан облысы Қазақстандағы мақта егетін бірден-бір облыс екендігі айтылып, сондай-ақ жылына 130 мың гектарға жуық алқапқа мақта егіліп, 300 мың тоннадан астам мақта өнімі алынатындығы бойынша барлық ақпараттар ұсынылды.
Әкімдік, облыс аумағында алынған мақта өнімін Қытайлық «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясына экспорттауға және мақтаны толық өңдеу мақсатында Түркістан облысы аумағында бірлескен кәсіпорын ашуға ниетті.
Осыған орай, «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясы өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Соның нәтижесінде, Түркістан облысында егілген мақта өнімін зерделеу мақсатында, «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясына ұсынылатын болады.
Бұдан өзге қағаз өнімдерін шығаратын «Zhongye Paptr Industry Yinhe Co., Ltd» компаниясының жұмысымен танысты.
Делегация тарапынан, компанияның сиырларды бағу, сүтті өңдеу, дайын өнімдерді шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Облыстан келген сүт өнімдерін өндірумен айналысатын бизнес өкілдері компанияның сүт өңдеу саласында қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігін зерделеп, жабдықтарды алу бойынша ақпарат бөлісті.

Leave a reply