ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXXIV СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келелі ойлар қозғап, аймақтардан барған спикерлер де маңызды баяндамалар жасады.
Іс-шараға Түркістан облысының делегациясы да белсенді түрде қатысуда. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бастаған әкімдік өкілдері, мәслихат депутаттары, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың басшылары және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі бар.
Сессия аясында қатысушылар ел бірлігін нығайту, этносаралық келісімді сақтау және Ассамблеяның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі маңызын талқылады.