Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКОАКЦИЯҒА АТСАЛЫСТЫ

0
54

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты бірқатар мекемелер тазалық акциясына қатысты. Жалпы саны 150-ге жуық қызметкер сенбілікке белсене қатысып, мекеме аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Олардың ішінде, Облыстық мәдениет және халық шығармашылық орталығы, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық, Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі мен «Ұлы Дала Елі» орталығы, «Конгресс Холл» көпсалалы кешені, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бар.

Сонымен қатар, Бәйдібек аудандық көркем сәулет мұражайы, Кентау қалалық мұражайы, «Оңтүстікфильм», С.Қожанов атындағы мұражайы, Төлеби мұражайы, Арыс қаласының мұражайы, Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Руханият Әбу-Насыр әл-Фараби мұражайы, Мақта шаруашылығы тарихының мұражайы, Бейнелеу өнері мұражайы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театры, Түркістан музыкалық драма театры мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы атсалысты.

Жалпы сенбілік қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Сондай-ақ аудан, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Leave a reply