Түркістан облысының прокуроры Қазығұрт, Төлеби аудандарына барды

0
106

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев Қазығұрт, Төлеби аудандарына іс-сапармен барып, жергілікті актив пен этнос өкілдерімен кездесіп, өзекті сұрақтармен танысты.

Кездесу барысында аудандардағы криминогендік ахуал, тұрғын үй мәселесі және профилактикалық жұмыстардың пәрменділігі талқыланды.

Сонымен қатар аудан тұрғындарының басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатындығын ескере отырып, облыс прокуроры «Қолжетімді жайылым» жобасының іске асыруын қамтамасыз етуді ескеріп өтті.

Бұдан бөлек аудан прокуратураларында жергілікті тұрғындармен жеке қабылдау жүргізді.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс прокуроры аудан прокурорларына мүдделі органдармен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді.

Leave a reply