Понедельник, 17 марта

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

0
21
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды. Облыс әкімі өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын, әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.
📌– Облысымызда индустриалды аймақтар мен өндірістік парк бар. Жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі. Француз кәсіпкерлерін бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, табиғи ресурстары, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы мүмкіндіктері де сөз болды. Әкім аймақтың агроөнеркәсіп кешені мен өндіріс саласында француз инвесторлары үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
✔️Франция елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Түркістан облысының инвестициялық және экономикалық әлеуетін жоғары бағалады. Сондай-ақ француз компанияларының өңірде өз жобаларын жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.
✔️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру бағытында тығыз жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
✔️Іссапар барысында Франция елшісі бастаған топ Түркістан облысындағы шағын өндірістік паркке барып, инвесторларға ұсынылған мүмкіндіктермен танысты. Ғимараттарды аралап, тиімді ұсыныстар бойынша мәлімет алды.

Leave a reply