ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША 8-ШІ ОРЫНДА КЕЛЕДІ

0
55

Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда Республика бойынша 8-ші орында. Елімізде 6 мыңнан астам елді мекен болса, соның тек 1802-і газбен қамтылған. Ал, оның 513-і Түркістан облысының үлесінде. Бұл туралы жауапты басқарма басшысы Руслан Мұздыбеков мәлімдеді.

Ауылды аймақтарды газдандыру бойынша Түркістан облысы үздіктер қатарында. Елімізде 6 мыңнан астам елді мекен болса, соның тек 1802-і газбен қамтылған. Жалпы, республикадағы көгілдір отыны бар әрбір 3-ші ауыл Түркістан облысына тиесілі. Осылайша бұл өңір газдандыру бойынша Республикада 8-ші орында тұр.

Руслан Мұздыбеков, Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы: «Республика бойынша газбен қамтамасыз етілген елді мекендердің 28,4 пайызы біздің облысқа тиесілі. Яғни газбен қамтамасыз етілген әрбір 3-ші ауыл Түркістан облысында орналасқан деп айтсақ болады. Былтыр 111 мыңнан астам халықты газбен камтамасыз еттік»

Тұрғындарды газбен қамту жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында қаралды. Биыл газдандыру жұмыстарына 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінсе, былтыр бұл көрсеткіш 17 жарым млрд теңгені құраған.

Руслан Мұздыбеков, Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы: «2023 жылы 17.5 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде ұлттық қордан 8.3 млрд, республикалық бюджеттен 2.2 млрд, облыстық бюджеттен 7 млрд тг. 107 нысанның құрылысы жүргізілген. 6 нысан аяқталған. 47 нысан 2024 жылға өтпелі болды. Нәтижесінде біз 48 елді мекенге газ жеткіздік»

Ал, өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Жауапты басшыларға жеткізілген газды әр үйге қосу қажеттігін қатаң ескертті. Биыл газдандыру жұмыстары бойынша 71 нысанның құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін оның 38-і пайдалануға берілсе, 33 нысан 2025 жылға өтпелі болмақ.

Leave a reply