ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ЖЫЛДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ» НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Digital Transformation Conference 2025» іс-шарасы өтті. Онда Қазақстандағы цифрлық трансформацияның негізгі бағыттары талқыланып, жаңа технологияларды енгізу мәселелері қаралды.
Конференция барысында аталған министрліктің вице-министрі Асхат Оразбеков құттықтау сөз сөйлеп, үш номинация бойынша марапаттарды табыстады. Онда Түркістан облысы Қазақстан өңірлері арасында «Жылдың цифрлық трансформациясы» номинациясын иеленді. Сондай-ақ Атырау облысы «смарт мектептер» бойынша, Қостанай облысы аймақты «интернетпен қамту» саласынан үздіктер қатарынан көрінді.
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабековтың айтуынша, бұл саладағы жүйелі жұмыс жалғасады.
Аймақтың үздік көрсеткіштері:





Еске салсақ, Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Түркістан облысында «Ақпарат және байланыс» саласында көрсетілген қызметтер көлемі 10,1 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 114 % өсімді көрсетіп, республика бойынша көш басында тұр.