ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КІТАПХАНА САНЫ БОЙЫНША ЕЛІМІЗДЕ КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысы кітапхана саны бойынша елімізде көш бастап тұр. Өткен жылы өңірдегі 399 кітапханаға 4 миллионнан астам оқырман келген. Жалпы Қазақстанда барлығы 3 920 көпшілікке қолжетімді кітапхана бар, олардың 265-і – балаларға арналған, 15-і – жекеменшік. Бұл кітапханаларда 10 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.
Еліміздегі кітапханалардың 3 873-і әмбебап, сондай-ақ 20 ғылыми және 19 арнайы кітапхана бар. Кітапхана саны бойынша Түркістаннан кейінгі орында Батыс Қазақстан облысы 358 кітапханамен екінші орынға жайғасса, 341 кітапханасы бар Ақмола облысы үздік үштікті қорытындылап тұр.
Қазақстандағы кітапханалар қоры 110,3 миллион дананы құрайды. Электронды каталогтың көлемі – 1,7 миллион бірлік. Ең үлкен кітапхана қоры Алматыда – 37,1 миллион басылым.