ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН «УЗТЕКСТИЛЬПРОМ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

0
50

Түркістан облысы республикамызда Өзбекстанмен шекаралас орналасқан, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Инвестициялық және туристік потенциалы өте жоғары. Өзбекстан мен Түркістан облысы арасында сауда қатынасы жақсы дамыған. Өткен жылы тауар айналымы 422 млн АҚШ долларын құрады.

Облыста сауда, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және тағы басқа салада Өзбекстан капиталының қатысуымен 40-қа жуық компания жұмыс істейді. Бірнеше маңызды жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда «Global Textile» ЖШС Мақтаарал ауданында тоқыма кластерін құру, «Meat Magnat» АӨК Сайрам ауданында бордақылау алаңын салу, «Qazaq Zhibek» қауымдастығы Жібек кластерін құру. Қазіргі таңда облыс аумағында 297 000 түп тұт ағашының көшеттері егілді. Жобаларды іске асыру өз кезегінде облыс экономикасына 65 млн АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартып, 2 050 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы құрылғаннан бастап экономикаға жалпы 4,3 трлн. теңге инвестиция тартылып, 200-ден астам жоба іске қосылды. Қосымша 1,7 трлн. теңгеге 8 818 жаңа жұмыс орны ашылатын ТОП-20 ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Түркістан облысында стратегиялық және экономикалық тұрғыдан аса маңызды, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамытуға мүмкіндік беретін – «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы» құрылуда. Түркістан қаласы аумағында 30 гектар алқапта шағын өнеркәсіптік парк салынуда. Парктің ерекшелігі кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттар ұсынылады. Бүгінгі таңда жобаның І кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Қосымша ІІ және ІІІ кезеңдерінің құрылысы басталды. Бұдан бөлек аумағы 2 субаймақтан тұратын «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл аймақта қатысушыларға салықтан босату, кедендік жеңілдіктер және инфрақұрылымы бар жер телімдерін қоса алғанда, ерекше құқықтық режим ұсынады.

Leave a reply