Четверг, 24 апреля

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРЕДІ

0
16

Түркістан облысында «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі» Ұлттық жобасы аясында 2025-2029 жылдар аралығында жалпы сомасы 163 млрд 850 млн теңгені құрайтын ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Оның қатарында өңірдегі жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру салаларында айтарлықтай оң өзгерістер орын алады деп күтілуде. Бұл жайында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Ақтілеу Бекмұратов брифингте мәлімдеді.

«2024 жылғы жағдай бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і желілерінің тозуы 57%-ды құрайды. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде 2029 жылы тозу деңгейін 53,5%-ға дейін төмендету күтілуде. Сондай-ақ, сумен жабдықтау мақсатында «Леңгір Су» МКК-і желілерінің 17%-ы тозғаны анықталып, жоба бойынша атқарылатын жұмыстар арқылы көрсеткішті 14%-ға дейін азайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Түркістан қаласын ауызсумен қамтып отырған «Түркістан су» МКК-ң желілерін Ұлттық жоба арқылы тозу деңгейін 10%-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылы 20%-ды құраған болатын. Бұдан бөлек, Кентау қаласындағы «Ащысай су» МКК-і желілердің тозуы 70%-ға жеткендігі анықталып, ауқымды жұмыстар нәтижесінде көрсеткішті 2029 жылға 25%-ға төмендету жоспарланған»- деді спикер.

Ұлттық жоба жалпы энергетика саласындағы қордаланған мәселелердің оңтайлы шешімін табуға жол ашпақ. Еліміз бойынша апатты жағдайлардың деңгейін 20%-ға азайтып, энергетикалық және коммуналдық активтердің тозу деңгейін республика бойынша орта есеппен 40%-ға дейін төмендету көзделген.

Leave a reply