ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ 92,2 ПАЙЫЗЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН

0
55

«Түркістан облысы аумағындағы 829 ауылдық елді мекеннің 690-ында 4G және 3G мобильді интернет желісі бар. Қалған 139 елді мекеннің 100-і 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған. Ал 39 елді мекенде ұялы байланыс мүлдем жоқ.

Түркістан қаласында жалпы 3 мобильді оператор (Белайн, Кселл, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (ТЕЛЕ2, АЛТЕЛ) қызмет көрсетеді. Шаһардағы интернет жылдамдығын арттыру мақсатында 2021 жылы 3 аумақта («Түркістан Арена» стадионы, «Фараб» кітапханасы мен “RIXOS” қонақ үйі аумағында) «Kcell» АҚ-ның 5G байланыс желісі орнатылды.

Бұдан бөлек, облыс орталығында 486 базалық станция жүйелі жұмыс жасауда. Олар: 272 дана Белайн операторының базалық станциясы, Кселл желісінің- 149 базалық станциясы, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-не (теле2, алтел) 65 базалық станция тиесілі.

Қазіргі уақытта орталық атқарушы органдармен «Қолжетімді ғаламтор» ұлттық жобасы аясында елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс аумағына тиесілі 650 шақырым республикалық және негізгі облыстық жолдарды толығымен мобильді интернет желісімен қамту мақсатында қосымша 14 базалық станция орнату үшін «Кселл» АҚ-мен келісім-шарт жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, өңірдегі Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласының әуежайы және «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарында 5G мобильді интернеті іске қосылған. Сонымен қатар, Түркістан облысына қарасты 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған»,- деді Марат Айнабеков.

Спикердің сөзінше, облыста қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында 912 жалпы бейнебақылау камералары бар. Одан бөлек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 179 нүктеде аппараттық-бағдарламалық кешендер іске қосылған. Биыл қосымша 50 аппараттық-бағдарламалық кешен («Сергек», «Мерген») мен 200 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, басқарма тарапынан «2GIS» компаниясымен Түркістан қаласының автопаркінің барлық автобустарына GPS трекер орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Қазіргі таңда, қала толық 4G стандартымен қамтылған. Алайда, қала аумағының кеңеюіне және абонентер санының өсуіне байланысты, базалық станциялардың байланыс өткізу қабілеттілігі төмендеуде. Осыған орай, өңірлік байланыс инспекциясымен бірлесе шаһардағы байланыс өткізу қабілеттілігі төмендеген аумақтарды қалпына келтіру үшін байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде. Биыл қала бойынша Бекзат,Шауғар,Бірлік секторларына базалық станция қойылып, Сауран,Отырар,Яссы секторларындағы базалық станцияларды күшейту жұмыстары жүргізіледі.

Leave a reply