Вторник, 17 сентября

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

0
43

Биылғы жылға Ордабасы ауданы бойынша 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алдымен Бадам ауылындағы Ә.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебіне барып, ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Мектеп 1978 жылы пайдалануға берілген. 640 орындық мектепте 849 оқушы білім алады. Мұнда спорт залы, акт залдарының жоғарғы қабырғасын жөндеу, ішкі еден ауыстыру, ленолиум ауыстыру, ішкі қабырғаларын қырып сылау және есік-терезелерін ауыстыру жоспарланған. Содан соң Мәдениет ауылы, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебіне соқты. 300 орындық білім ұясы 2009 жылы пайдалануға берілген. Мектептің сыртын қаптау жұмыстары, терезенің тұтқаларын ауыстыру, есік ауыстыру, едендерін қалпына келтіру, ішкі жарылған қабырғаларын жөндеу және жылу жүйесін реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы ауданданына жұмыс сапарымен келді. Аудан көлеміндегі білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды.

Жұмыс барысында Берген ауылы, К.Омаров атындағы жалпы орта мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. 420 орындық ғимарат 2007 жылы пайдалануға берілген. 402 оқушы білім алады. Жоспар бойынша сырты қапталып, ішкі қабырғаларын әктеу, сырлау, едендерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар ленолиум, ағаш еден және кафель еден ауыстырылады. Бұдан бөлек Батыр ата ауылы, І.Есенберлин атындағы және Амангелді ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Білім ошағының сырты қапталып, терезе-есіктері ауыстырылады. Ішкі қабырғаларын әктеу, сырлау, едендерін қалпына келтіру, ленолиум төсеу сынды жұмыстар да жоспарда бар. Ал Жеңіс ауылы, Ө.Тұрманжанов атындағы және Бөген ауылы, Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектептерінің сыртқы қабырғасын металосайдингпен қаптау жоспарланған.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары жауапты мердігерлермен сұқбаттасып, нысанның сапалы және белгіленген уақытта аяқтап ел игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

Leave a reply