ТҮРКІСТАН: ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

0
173

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көле¬мін екі есе арттырып, 450 миллиард долларға жеткізу көзделгені туралы айтты.

«Әрине, бұл – жетуге болатын меже. Халықаралық валюта қорының сарапшылары 2023 жыл¬дың қорытындысы бойынша Қазақ¬станның Ішкі жалпы өнімі қазіргі бағамен есептегенде 259 миллиард доллардан асады, яғни 2022 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артады деп бағалап отыр. Бұл – Орталық Азиядағы ең жоғары ақшалай өсім. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім де өсіп келеді. Бұған қатысты болжамды көрсеткіш былтыр 13 мың долларға жуықтады.
Оның жыл сайынғы өсімі 1,6 мың доллар болады деп бағаланып отыр. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш отыз пайыздан да көбірек артып, 16,8 мың долларға жетеді. Шын мәнінде, мен үшін макроэко¬номикалық көрсеткіштер сонша¬лықты маңызды е

Президент Үкімет экономиканы басқарудың тың тәсілдерін қолдана алса, жаңа айтылған жақсы болжамдар ақиқатқа айналатынын айтты. Осы орайда, Түркістан облысында өңдеу, өнді¬рісті дамыту, зауыттар ашу, ин¬вестиция тарту бағытында қар¬қынды жұмыс жүріп жатыр. Бұл орайда арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың алар орны ерекше екені анық.

Облыс орталығындағы «Turkistan» индустриалды аймағында таяуда ғана жиһаз цехы ашылды. Жобаның жалпы құны – 2,3 млрд теңге, 50-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылған. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех күніне 600 дана жиһаз шығаруға қауқарлы. Аталған цех облыс мектептерін, балабақ¬ша¬ларын, сонымен бірге, өңірде ашылып жатқан ғимараттарды толықтай жиһаз¬бен қамтуға үлес қоспақ.

Сондай-ақ «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы тарапынан «Turkistan» индустриал¬ды аймағындағы Brownfield өндірістік ғи¬ма¬ратына инвесторлар тартылып, шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жо¬басының құны – 1 млрд теңге. Кә¬сіп¬орын күніне 32 мың жұп шұлық шы¬ғаруға қауқарлы, 30 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға арнайы жер ұсынылған. Өндірістік браунфилд ғимаратымен қам¬тыл¬ған. Инвесторлар шұлық фабрикасы толық қуатына жеткен соң Түркістанда костюм шығаратын жобасын да жүзеге асырмақ. Бұл жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция салынады. Күніне 500 костюм тігіледі деп жоспарланып отыр.

Ал Түркістандағы «TURAN» арнайы эко¬номикалық аймағында сэндвич-панель шығаратын жаңа зауыттың капсуласы салынды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен инвесторлар қатысты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсыр¬ма¬сына сәйкес, облысымыздың өңдеу өнер¬кәсібін дамыту үшін және қала тұрғындарына жұмыс орындарын ашуға үлесін қосатын «TURAN» арнайы эко¬но¬микалық аймағында жаңа зауыт құрылысы басталғалы тұр. «Panel Sistem KZT» компаниясының жобасының іске қосылуы облыстың әлеуметтік-эконо¬ми¬калық дамуына тың серпін беріп, отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға және халықтың әл-ауқа¬тын көтеруге өз септігін тигізеді. Атал¬ған өнеркәсіпте өндірілетін сэндвич-панельдер келешекте өңірдегі іске асырылатын жобалардың құрылысына қолданылады», деді Дархан Сатыбалды. Бұл жобаның инвестициялық құны – 1,54 млрд теңге, 30-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Аталған зауыттың жылдық қуаттылығы – 250 мың шаршы метр. Онда сэндвич-панельдер, гофр¬ленген қаңылтырлар, металл плиткалар және өзге де құрылысқа қажетті заттар шығарылады деп жоспарланған. Бүгінде зауыт салынатын жер телімі бөлініп, тиісті жұмыстар басталып кеткен. «Panel Sistem KZT» компаниясының бұл жобасы биыл жүзеге асады.

Leave a reply