Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0
73

Түркістан облысында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 500 млрд теңгеге жуықтаған. Оның 245 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібі өндірісіне тиесілі. Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтикалық өнім өндіру және өзге де металл емес минералдық өнімдер сияқты бағыттар бойынша ұлғайған. Бұл бағытта Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы өндіріс орындарын аралап, инсвестициялық жобалардың директорларымен кездесті.

Аудан басшысы алдымен «ЗАРЕЧНОЕ» бірлескен кәсіпорны АҚ-ның Темір өндірістік базасында болып, өндіріс орнының жұмыс барысын аралап көрді.

Аралау кезінде бас директор Қанат Нұржанов уранды жерасты ұңғылап шаймалау әдісі арқылы өндіру технологиясын дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімі өндірісте ең басты мақсат қоршаған ортаның тазалығы мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау екенін айтып, экологиялық қауіпсіздік шараларын басты назарда ұстау керектігін атап өтті. Мұнан соң аудандағы «Шәуілдір» күн электр станциясының жұмысымен танысты.

Бүгінде Түркістан облысында жаңа өндіріс орындарының ашылуы үшін, инвестициялық жобалар көптеп қолға алынып жатыр. Италияның «Plenitude» компаниясының инвестициясы есебінен салынған бұл маңызды нысан – аталған компанияның Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы күн электр станциясы. Қуаты 50 МВт электр станциясы «Plenitude» компаниясының құрылысын компанияның еншілес кәсіпорны «Arm Wind» ЖШС жүргізген. 93 мыңнан астам күн панелі мен қосалқы электр станциясы іске қосылған. Бұл тораптар ұзындығы 7,5 шақырым электр тасымалдау желісі арқылы жергілікті желіге біріктірілген.

Аудан басшысы өңіріміздің дамуындағы маңызды қадамдардың бірі болған күн электр станциясының Отырар ауданы үшін маңыздылығын атап өтіп, заманауи жобаның игілігі арта беруіне тілектестігін білдірді.

Leave a reply