ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ТҮЙЕ ЖӘНЕ ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

0
97

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарында «Отырар Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 2009 жылы құрылған кәсіпорында түйе сүті өңделіп, шұбат шығарылады.

Жоба бастамашысы Нұрсұлтан Ахаевтың айтуынша, кәсіпорын тәулігіне 5 тонна түйе сүтін өндіруге қауқарлы. 12 адам жұмыспен қамтылған.
Облыс әкімі түйе шаруашылығының маңызы жоғары екеніне тоқталды
– Түркістандағы түйе сүтін өңдеу заутының өнімдері шетелге экспортталуда. Сұраныс бар. Сондықтан осы саланы дамыта түсу керек, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы «БЕК» ЖШС-нің жылыжай кешенінде де болды. Мұнда қызанақ, қияр, болгар бұрышы өсіріледі. Жобаның қуаттылығы – жылына 40-50 тонна өнім. 9 адам жұмыспен қамтылған кәсіпорында бүгінде 0,8 га аумаққа болгар бұрышы мен баклжан көшеттері отырғызылуда.

Облыс әкімі Түркістан өңірінің негізгі драйверлерінің бірі ауыл шаруашылығы екеніне тоқталды. Аудан әкімі мен жауапты басшыларға кәсіп бастаймын дейтін тұрғындарға қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндігін пайдалану маңызды екенін айтты.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы өнімдері көлемі бойынша облыс республикада алғашқы орында. Соңғы 5 жылда жалпы өнім көлемі 2 есе ұлғайды. Биыл 1,3 трлн. теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру, салаға озық технологиялар енгізу қолға алынған.

2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 3,4 мың гектарға арттырып, 873,6 мың гектарға орналастыру жұмыстары жүріп жатыр.

Leave a reply