ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Сайрам ауданы Түркістан облысындағы халқы тығыз орналасқан, мәдени әрі әлеуметтік тұрғыдан белсенді өңірлердің бірі. Ауданда бұқаралық спортты дамытуға, жастардың дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасауға ерекше мән беріліп келеді. Бұл бағытта жаңа спорт нысандары салынуда, бар инфрақұрылым жаңартылып, спортшылардың жетістіктері артып отыр. Облыс тұрғындарының назарына ауданда спорт саласында жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыстар туралы мәлімет ұсынамыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Жолдауында спорт саласын дамыту міндетін жүктеді. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет екенін айтты. Осы бағытта Түркістан облысының Сайрам ауданында спорт инфрақұрылымын жақсартуға көңіл бөлінуде.
Қарасу ауылында бой көтеріп жатқан жаңа спорт кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 600 шаршы метрден асады. Қазіргі таңда іргетасы, қабырғалары мен шатыры толықтай аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Және де алдағы уақытта мұнда жаттығатын жастар үшін арналған спорттық құрал-жабдықтар орнатылуда. Жаңа спорт кешені – тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуына және салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасайтын заманауи әлеуметтік нысан болмақ.
Ауданның Манкент ауылында 2022 жылы жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарына 450 млн теңге жұмсалған. Оның 65 пайызы жеке кәсіпкер қаражаты есебінен, ал қалған 35 пайызы «Jusan» банкінің несиесі арқылы қаржыландырылды. Кешенде күрес, волейбол, баскетбол, кіші футбол, гимнастика, жүзу, бокс және үстел теннисі сияқты спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Бұл спорт кешенінің ашылуы жастарды салауатты өмір салтына баулуға және аудан спортын дамытуға үлкен серпін берді.
Сайрам ауданында жалпы саны 401 спорт нысаны бар. Олардың қатарында: 109 спорт залы, 266 ашық спорт алаңы, 2 стадион, 3 көпсалалы спорт кешені, 1 жүзу бассейні, 1 оқу-жаттығу орталығы, 2 теннис корты,21 жабық футбол алаңы бар. Бұл инфрақұрылымдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған үйірмелер жұмыс істейді, сонымен қатар түрлі деңгейдегі жарыстар мен турнирлер өткізіліп тұрады. Сонымен, Сайрам ауданының жас спортшылары облыстық және республикалық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп жүр. 2024 жылы Түркістан облысының қол добы чемпионатында Сайрам ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жүлделі үшінші орынды иеленді. Команданың сапында Батирбеков Мухаммадамин, Октамов Азизжан, Таирбеков Аброрбек, Батирбеков Абдуллах, Акрамов Асадбек, Абдусадиков Дилшод және өзге де спортшылар өнер көрсетті. Команданы жаттықтырған — Нарметов Сардор.
Ауданда ұлттық спорт түрлері де дамып келеді. «Ақсукент спорт клубы» және «Ақсу жекпе-жек клубының» ұйымдастыруымен асық ату және бес асықтан жарыстар өткізілді. Жарысқа 12 команда қатысты. Қыздар арасындағы бес асық сайысында «Ақсукент спорт клубының» мейірбекесі Қилыбайова Жансұлу III орынға ие болды. Бұл шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды тәрбиелеуге бағытталған.
Сайрам ауданында спорт саласына жасалып жатқан жағдайлар мен атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, жастардың денсаулықты нығайтуына және спорттық жетістіктерге жетуіне мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде ауданда 10 коммуналдық мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері тіркеліп, аталған спорт мекемелерде 18 спорт түрінен 11 ауыл округтерін қамтып отыр. Аталған мекемелерде 390 оқу тобымен 7 080 спортшылармен 151 жаттықтырушы, 25 әдіскер және 13 спорт нұсқаушысы жұмыс істеуде. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2024 жылдың жыл басынан желтоқсан айына дейін спорт мекемелері және демеушілер тарапынан 158 іс-шара өткізілген. Оған 14 300 адам қамтылды. 2024 жылы спорт нысандарында жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін спортқа 14-18 жас аралығындағы 2000 жастар тартылды. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен жастарымыз аудан қоржынына 38 алтын, 36 күміс, 54 қола салды.
Айта кетейік, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен Сайрам ауданының Қарасу ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Онда Қарасу, Ақбай, Жаңатұрмыс, Бескепе және Қызылсу ауылдарынан 800 ге жуық жастар мен жасөспірім балалар бокс, күрес, волейбол, баскетбол, үстел теннисі сынды спорт түрлерімен айналасуға және облыстық, республикалық деңгейде спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік болады. Сонымен қатар, жеке инвесторлар тарапынан Қарасу, Қарабұлақ, Арыс және Ақарыс ауылдарында спорт нысандары бой көтеруде.