ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Сайрам ауданында тұрғындарды толғандырып жүрген түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Соның ішінде, жол мәселесі аудан әкімі Арман Сәбитовтің тұрақты бақылауына алынған. Бүгінде ауданға қарасты елді мекендерде жергілікті көшелердің жолдары кезең-кезеңімен жөнделіп, қалыпқа келтіріліп жатыр.
Биыл Қарамұрт ауылында жыл соңына дейін 7 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2,8 шақырымды құрайтын Абай, 1450 шақырымды құрайтын Жеты мама, 710 метр шамасындағы М.Шерметов көшелеріне асфальт төселді. Аталған көше тұрғындары атқарылған жұмыстар үшін жауапты тұлғаларға өз алғыстарын білдіруде.
Биыл Түркістан облысындағы автомобиль жолдарын жақсартуға бюджеттен 37,6 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер немесе 244 нысанды қамту жоспарланып отыр. Жыл қорытындысымен 546,6 шақырым болатын 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат жиынында облыс бойынша 2024 жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалу барысы туралы баяндалды. Облыс басшысы сапаны назарда ұстамаған, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтірмеген аудан, қала басшылары мен жауапты тұлғаларды сынға алып, тиісті тапсырмалар берді.
Алдағы уақыта ауылдық округтегі көлік қатынасының сапасы мен қарқынын жақсарту мақсатында Жамбыл, Сайрам, Р.Нематуллаев, Полатов көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Елді мекен көшелерінің сапасы да назардан тыс қалмайды. Биыл елді мекендерде 191 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 630,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жоспарланып, жыл соңына дейін 331,3 шақырымдық 122 нысан пайдалануға тапсырылады. 2024 жылдың қорытындысымен жалпы 194,6 шақырым жолды пайдалануға тапсырып, жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 93,7%-ға жеткізу көзделуде. Нысандардағы жұмыстар мен қолданылып жатқан материалдардың сапасы автор, техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, Ұлттық сапа орталығының Түркістан облысы бойынша филиалының тұрақты бақылауында.