Суббота, 14 июня

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА КӨЛЕМІ 90 ГЕКТАР АУМАҚТАН АСАТЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

0
17

Түркістан облысы әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Соңғы кезеңдерде облыс аумағында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, индустриалды аймақтарды дамыту және көбейту жұмыстар жалғасып жатыр. Өңірде жалпы көлемі 1 700 гектардан тұратын 14 индустриалды аймақ бар, оның ішінде соңғы бір жылдың ішінде 5 жаңа индустриалды аймақ құрылды. Сонымен қатар, Арыс қаласындағы «Мега-Агат» және Ордабасы ауданындағы «Бөкей» компанияларының ұсыныстары бойынша 2 жеке индустриалды аймақ құрылып, жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған индустриалды аймақтардың саны 16-ны құрап отыр. Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген.

Осы тұста Сауран ауданына қарасты Қарашық ауылдық округінде өндірістік аймақ құрылысын салу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы көлемі 10 гектарды құрайтын бұл аймақ — өңірдегі өндірістік әлеуетті арттыруға бағытталған ірі жобалардың бірі. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс сапарымен құрылыс алаңында болып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Ол құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен жеке кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Бүгінгі таңда бұл өндірістік аймақта 9 кәсіпкер өз жобаларын бастап кеткен. Жоспар бойынша, аумақта жиһаз өндірісі, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өңдеу сынды бағыттар қамтылады. Жобалар іске қосылған соң, отандық өнімдер ішкі нарыққа шығарылып, тұтынушыларға қолжетімді әрі сапалы тауар ұсынылатын болады.

Өндірістік аймақтың іске қосылуы — жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің жандануына, сондай-ақ аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қоспақ. Жергілікті билік тарапынан инженерлік инфрақұрылым тарту, жол, су, электр жүйесімен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өндірістік паркті құру мақсаты – әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алда тағы 32 ғимарат салынады. Өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі 98 млрд теңгені құрайтын болады. Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 2000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Өндірістік парктің аумағында «BNK Group» ЖШС су үнемдеу технологияларын енгізіп жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорны жұмысын бастады. Сондай-ақ «Aqniet Holding» ЖШС мектепке арналған жиһаздар мен медициналық жиһаздарын шығарып жатыр. Мұнда, украиналық «UBC Group» компаниясы өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіреді. Бұдан бөлек, медициналық өнімдер, бөлме аралық есіктер, және тағы басқа өнімдерді шығаратын кәсіпорындар жұмысын бастауда. Кәсіпкерлер инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарда кәсіп бастауға дайын.

Өндірістік парктерді аудандарда салу жоспарланған. Атап айтқанда, Ордабасы ауданындағы Бадам индустриалды аймағында инфрақұрылым тартылған 12 ғимарат салынбақ. Сондай-ақ Шұбар ауылы маңында да салу жоспарда бар. Сайрам ауданында өндірістік парк көлемі 90 гектардан аспақ.

Түркістан облысы – еліміздегі өндірістік әлеуеті жоғары, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Өңірде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және индустриалды аймақтарды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде облыс аумағында жалпы көлемі 1 700 гектарды құрайтын 14 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Оның ішінде соңғы жылдары жаңадан 5 индустриалды аймақ ашылып, жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған индустриалды аймақтардың жалпы саны 16-ға жетті. Бұл аймақтарда жалпы құны 120 млрд теңгені құрайтын 82 жоба жүзеге асырылуда. Облыс орталығында орналасқан бұл аймақта жалпы құны 13 млрд теңге болатын 27 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 1 330 жаңа жұмыс орны ашылған. Аймақ аумағы 350 гектарға дейін кеңейтіліп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде. Мақтаарал индустриалды аймағы
2014 жылы құрылған. 28 гектар аумақта 5 жоба жүзеге асырылып, 220 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда мақта өңдеу, мармелад өнімдері және құрылыс материалдарын шығару өндірістері бар. 35 гектар аумақта орналасқан. Құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылған. Аймақта гофрокартон, мақта өңдеу және ауыл шаруашылық қалдықтарын өңдеу өндірістері бар. 300 гектарды қамтиды. Бұл аймақта құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп бағытындағы жобалар орналасқан. 70 гектар аумақта құрылып жатқан аймақ. Қарашық, Шорнақ және Иассы ауылдық округтерінде орналасқан. Негізгі бағыт – жиһаз өндірісі мен құрылыс материалдары.

Индустриалды аймақтар жол, су, газ, электр энергиясымен толық қамтамасыз етілген. Кәсіпкерлерге жеңілдікпен ұсынылады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жобаларға қаржы бөлінеді. Мыңдаған адам жұмыспен қамтылып, өңірлік экономикаға серпін берілуде. Түркістан облысында индустриалды аймақтарды дамыту – өңірдің индустриялық-инновациялық дамуының негізгі тетігіне айналуда. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен инвестициялық жобалардың іске асырылуы облыстың экономикалық әлеуетін арттырып, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге зор үлес қосуда.

 

Leave a reply