ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮР МЕН МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ АЙНАСЫ

0
47


Бір ұлтты екіншісінен ерекше¬лендіретін негізгі фактор: тіл, дін, діл, тарих, наным-сенім, әдеби мұра, салт-дәстүр, ырым-тыйым, мәдениет, өнер, ауыз әдебиеті. Бұл ұғымдардың әрқайсысы – бір-бір концепт. Мәдениеттану, линг¬вис¬тика ғылымдарында мұны «ұлт¬тық код» дейді. Кеңес дәуі¬рін-де ұлттық құндылықтар «жа¬байы¬¬лықтың нышаны», «ескінің сар¬қын¬шағы» ретінде есептеліп, эт-нге¬нетикалық түп-тамырды зерт¬¬¬¬теуге, оны насихаттауға тыйым салынғаны белгілі. Тәуел¬сіз¬¬дік-тің таңы қалай атты, солай ұлт¬¬тың тамырына байланған этно¬генетика гүлдеп, тамырлап, жай-қалып сала берді.
Ел дамуы¬ның аса маңызды факторларының бірі – ортақ мүдде жолында азаматтардың белсенділігі маңызды. Демек, қоғамдық келісімнің негізгі өзегі қазақ топырағында өмір сүріп жатқан этностардың бірінші кезекте мемлекет құраушы ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау арқылы өзінің ұлттық тамырынан алыстамай біртұ¬тастыққа қызмет ету болса керек. Салт-дәстүр – ғасырдан-ғасырға жал-ғасқан, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жеткен, халықтың дүниетанымын, өмір сүру салтын, ой-санасын, әлемді қабыл¬дауын аңғартатын тарихи-әлеу¬меттік феномен. Мұны ағылшын дін¬танушысы, антрополог, этнолог Жеймс Жордж Фрэзер «жұртты жұтылып кету¬ден қор¬ғай¬тын менталдық қабат» деп атаған. Ал этнограф жазушы Ақселеу Сейдімбек: «Мәдениеттің жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық аядағы мәні мен болмысы туралы пікірлер сан сала. Тек қана ағылшын тіліндегі әдебиеттерде 50-жылдардың бас кезінде «мәдениетке» 160-тан астам анықтама беріліпті. Ал жалпы батыс еуропалық әдебиеттерде мәдениеттің 250-ден астам анықтамасы бар екені айтылады, (Моль. Социо¬динамика культуры. М., 1973, 35-бет). Мәдениет терминінің көпмәнді, алуан мағыналы екені сонша, жарық жалған, кең дүниені құшағына сыйдырғандай ұғымдардан бастап, басы жұмыр пен¬де¬нің тал бойындағы қасиетке дейін қам¬ти¬тын алуан түрлі тұжырымдарды біл¬діреді», – деп жазғанында үлкен мән бар. Ұлттық болмысты сақтап қалу, құн¬дылықтарды қастерлеу, ата дәстүрді дәріптеу, насихаттау – басты парыз. Ұлттық рухты бойға сіңіріп, жалпыа¬дамзаттық оң үрдістерді үйрене отырып тәр¬биеленген адамның, әлемдік өрке¬ниеттің көшінен қалмай, оның озығынан үлгі алатын халықтың келешегі жарқын. Яғни, «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» десек те, ұлтты ұлт етіп тұрған оның тілі, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі. Сон¬дықтан біз дәстүрді өткен дәуірде жасалған жалпыұлттық, жалпыадам¬заттық маңызы бар бүгінгі заманның қажеттіліктері мен сұраныстарын өтей алатын айрықша құндылық деп есеп¬тейміз. Тіршіліктің салқар көші тоқ¬та¬май, өмір жалғаса беру үшін жастар өз дәуірінің сұранысын жаңаша қанағат¬тан¬дырып, дүние дидарын жаңаша өрнектегені лазым. Салт-дәстүр де елдің ой-өрісі секілді, ол да даму барысында үнемі жаңғырып тұрады. Дәстүр де, жаңашылдық та – үздіксіз үдерістің катализаторы. Осы орайда халқымыздың ұлттың тамырына байланған, өмір сүру дағ¬дысына айналған, тіпті ұлттық бірегей¬ліктің негізгі тіні болып табылатын компоненттерге аз-кем тоқталып өткенді жөн көрдік, себебі – бүгінгі жаһандану дәуірімен бетпе-бет келген замандас¬тарымыз, телефонның тетігіне телміріп, кітаптан алыстаған буын үшін бір ауыз сөз көкейінде жатталса – үлкен олжа… Қазақ – қонақжай ел. Атам қазақ алыстан ат терлетіп келген кісіні «Құдайы қонақ» деп сыйлап, төрге оздырып, тіл үйірер тағамдардын қойып, күтеді. Сүттен жасалатын айран, қаймақ, бал¬қаймақ, кілегей, малта, сүткөже, қатық, қойыртпақ, құрт, қымыз, сүзбе, сүт, шұбат, ірімшік, ет тағамдары – әсіп, бас, борша, жаубүйрек, бастырма, қимай, қазы-қарта, жал-жая, шұжық, қуырдақ, жөргем, мипалау, сырбаз, үлпершек, шыртылдақ, көмбе, бөстірме, бітеу, бұжы, ұннан дайындалатын көмеш нан, қалаш, тоқаш, кәудірлек, ширатпа, күлше, таба нан, қарма, қаттама, бауыр¬сақ, ақ бауырсақ, алуа, май шелпек, сал¬ма, жайма, құймақ, дәнді дақылдардан әзір¬ленетін жаншыма, палау, бөктірме, жент, бадырақ, жарма, майсөк, тары көже, талқан. Осы ас атауларының өзі жастарымыздың ділінде болғанмен, ті¬лінде жоқ. Бұл жөнінде тілші ғалым¬да¬рымыз да ақпарат бетінде сан рет алаң¬даушылығын білдірді. Ал сөздік қордан жоғалған дүниені «салтыңның тірегі осы» деп қай санаға шегелейсің? Қазақтың ең ұлы дәстүрлі өнері – қолөнер. Күнделікті өмірде қолданбаған соң, жүннен, киізден, теріден, сүйектен, тұяқтан, мүйізден, тастан, қыштан бұйым¬дар жасап, жіп есіп, киіз басып, ер қа¬шаған, ағаштан ою, темірден түйін түйген шеберлерді адамзат өркениетінің бастауында болған деп кімді иландыра аласың? Тотемдік, космогониялық, мифтік таным ұлтымыздың тұрмыс-салтында әлі күнге дейін сақталған. Жаңа ай туғанда: «Ай көрдім, аман көрдім, баяғыдай заман көрдім, ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа» деп қариялар тілек тілейді. Ал лекси¬конымыздағы отбасы, отағасы, отанасы деген сөздердің түп-төркіні тым тереңде. Антропоморфты, зооморфты, терио¬морфты, скифтік стиль жаңаша жаң¬ғырып, сән индустриясында, архитек¬турада, өнерде өзгеше мазмұнда, өзгеше сипатта өріліп, өзімізден өтіп, өзгелерді таң-тамаша етуде… Киіз үй – көшпенділердің ғарыш пен жерді байланыстырып тұрған төл бас-панасы. Іргесіне сәйгүлік байланған осы кепиеті бөлек киіз үй өркениетінің құпиясын ғалымдарымыз әлі күнге дейін зерттеп, зерделеп, тауыса алмай келеді. Ата дәстүрімізде жылқының орны ерекше. Ал ат әбзелдеріне қатысты әңгіме өз алдына бір әлем. Осы орайда кейінгі толқын жастарға салт-дәстүріміз бен төрт түліктің табиғаты туралы түбегейлі ұстанымдар түзген этнограф Жағда Бабалықұлы туралы белгілі ақын Қасымхан Бегмановтың «Этнографпен әңгіме» атты кітабын оқуға кеңес берер едім. Ұлттың ұлы құндылықтары тал бе¬сіктен жер бесікке дейін салт пен дәстүрге, наным-сенімге құрылған. Мәдениеттанушылар менталитетті «ұлттың айнасы» есебінде сипаттайды. Бір жағынан бұл пайым заңды да, себебі мұнда оның жан дүниесі, болмысы, жаратылысы айқын көрінеді. Мәдениетті болу – кемелдіктің, өсудің белгісі. Данышпан Абай айтқан «толық адам» – сол іштей толысудың нышаны. Батыс пен Шығыс текетіресіне «Өркениеттер қақтығысы» деген анық¬тама берген Американың атақты социологы Сэмюэл Хантингтон ұлтты сақтау үшін дәстүрдің үзілмеуін қада¬ғалаған абзал екенін ескертеді. Негізгі мұратымыз – заманға сай мәдениетті, салт-дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу, солар бақытты өмір сүретін ұлттық, адамзаттық құндылықтарға негізделген өркениетті қоғам орнату. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ жалпақ жаһанға өзінің бай әдеби, мәдени мұрасымен, қай¬таланбас ұлттық болмысымен, салт-дәстүрімен де таныла алатынын есепке алған жөн. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы тілшілерге берген кезекті бір сұхбатында: «Әділеттілік! Бұл – жал¬пы¬адамзаттық әрі дала демократиясынан бастау алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін-өзі жоғалтып алумен бірдей. Әділеттілік салтанат құрмаған қоғамда тек қайшылық, қиыншылық, құлдырау үстемдік ететіні белгілі. Сон¬дықтан әділетсіздікпен мемлекет, қоғам, әр адам күн сайын, бірігіп күресуіміз керек», – деген болатын. Әділеттіліктің бір тамыры тікелей ұлттық құндылық¬тарға, дәстүр-салтымызға тікелей бай¬ланысты. Салт-санадан алыстаған ұлттың де келешегі бұлыңғыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақа¬ласында: «Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарын¬дарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еура¬зия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз. Сонымен қатар фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қа-зақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспе¬ди¬цияларын ұйымдастыру қажет», – деген бо¬латын. Сөз соңын академик В.Радловтың «Ел қазынасы – ескі сөз» кітабындағы: «Қазақтар – әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт. Қараған, бұталары аралас келіп отыратын бұйра қыраттар арқылы керіліп жатқан ұлан-ғайыр кең дала алып келбетін ешқандай өзгеріссіз қалай сақтаса, оның тұрғындары да тіл мен салт-сана жағынан сондай бір тектес. Тіпті, шет жайлап, ең шалғай шығып кет¬кен тайпаластар да өзінің ерекше ха¬лықтық сипатын берік ұстанады…», – деген тарихи бағасымен әдейі тұжырым¬дадық. Ал бүгін ше? Бүгін біздің ұлттық мә¬дениетіміздің негізгі ұстыны болатын дәстүр-салтымыз «Қызыл кітапқа» еніп бара жатқан жоқ па?
Жанарбек ӘШІМЖАН, Парламент Мәжілісінің депутаты

Leave a reply