ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ
Сарыағаш қаласына кіре берісінде орналасқан саябақ үшін 4 га жер учаскесінде егегілген жасыл екпелердің суғару жүйесін қадағалап, суғару жүйесін атқарып жүрген арнайы мамандарға суғару уақытының мөлшерін артыру қажеттігі және қала әкіміне көгалдандыру және тазалық жұмыстарын үнемі бақылауда ұстау бойынша бірнеше тапсырмалар берді.
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының аумағы бойынша салынып жатқан абаттандыру құрылыс нысандары мен жасыл екпелердің сұғару жүйесіне арнайы барып, қадағалады.
Қала аумағында жыл өткен сайын тұрғын үйлер саны көбейіп, құрылыс жұмыстары да қала тазалығына өз әсерін тигізіп отырғаны рас. Дегенмен біз қала тұрғындарының таза әрі әдемі табиғат аясында демалысын тиімді өткізулері үшін бар жағдайды жасауымыз қажет. Қала тазалығын сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз,-деді аудан басшысы.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Президенттің бастамасымен қолға алынған іс. Сол себепті Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып, тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелене түседі.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экоакциясы асяында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда өңірде аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру санитарлық тазалық, қоқыс шығару және полигондарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар атқарылуда.
Жалпы облысқа қарасты 807 елді мекенінде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.