ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен және елді мекен тұрғындарымен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындарының сұрақтарына заң аясында жауап берді.
Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары 90-95% орындалған. Қазіргі таңда, елді мекенге баратын магистралды су құбыры мен елді мекеннің ішкі көшелерінің су құбырларына тексеру, қысымдау жұмыстары жүргізіліп аяқталды. Аудан әкімі құрылысқа жауапты мердігер мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын жандандыруды және қарқынын күшейтуді тапсырды, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сай жүргізуді жүктеді. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшысына бақылау жұмыстарнын күшейту қажет екенін ескертті.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округіне арнайы барып Дархан елді мекеніндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ететін Құлтума каналының жағдайымен танысып, өзекті мәселелерді пысықтады.
Осы ретте, шаруалар тарапынан Құлтума каналынан тармақтанып шығатын каналды қазып беру бойынша өтініштер мен ұсыныстар түскен болатын. Аудан басшысы шаруалардың өтінішін назарға алып, аталған каналды қазып беру бойынша су шаруашылығы мекеме басшысына және ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, техника жүретін жолды ашып беру қажеттігі бойынша жеке кәсіпкерке ескерту айтты.
Жұмыстарды саралаған аудан әкімі суғару маусымы барысында егістік жерлерге қажетті суды толық жеткізіп беру қажеттігін қатаң ескертті.