ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП КЕЛЕДІ

0
49

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы барып, Шеңгелді елді мекенін ауыз сумен және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Шеңгелді елді мекенінің жерасты су қорын іздеу, барлау жұмыстары мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда 952 метр тереңдікте бұрғылау жұмыстары аяқталып, ұңғымадағы суды сорғылау жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, аудан басшысы аталған елді мекендегі сапалы электр желісімен қамту жұмыстарын жүргізуші мердігер “Андас групп” ЖШС-ның басшысымен кездесіп, құрылыс жұмыстарын тездетіп бастап, жоспарға сәйкес жүргізуді тапсырды. Жобаға сәйкес 27,7 шақырым электр желісін жүргізу және 6 дана электр трансформаторларын орнату қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім қызметкеріне жұмыс барысын баяндап отыруды тапсырды.

Инфрақұрылым — экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы. Мысалы, өндірістік инфрақұрылым — жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б. Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым — тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б. Экологиялық инфрақұрылым — тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.

Материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.

Leave a reply